Now Reading
Отбасы банк басшысы зейнетақы жарналарына қатысты дүрбелең сәуір айының соңында аяқталады деп күтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Отбасы банк басшысы зейнетақы жарналарына қатысты дүрбелең сәуір айының соңында аяқталады деп күтуде

Отбасы банк басшысы зейнетақы жарналарына қатысты дүрбелең сәуір айының соңында аяқталады деп күтуде

Отбасы банкінің басшысы Ляззат Ибрагимова ОКҚ брифингінде зейнетақы қорындағы жарналарды пайдалануға ұатысты туындаған мәселелер аяқталатынын хабарлады.   

«БЖЗҚ қорынан алынған қаражаттың 50% жуығы тікелей тұрғын үй сатып алуға бағытталғанын көруге болады. Бұл көбіне екінші нарықта жүзеге асырылған мәмілелер. Ипотека бойынша  мәмілелер көп болады деген болжам жасалған болатын. 100 мыңнан астам өтінімнен біздің банктен ипотека ашуға тек 4 мың ғана өтінім келіп түскен. Екінші деңгейлі өзге де банктерде де шамамен осылай. Жалпы алғандағы көлем 10 мыңнан аспаған болып тұр. Сондықтан зейнетақы жарналарын пайдалануға қатысты туындаған дүрбелең сәуір айының соңында аяқталады деген ойдамын», — деп атап өтті Ляззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, банкке күніне 2,5 мыңға жуық өтінім келіп түседі екен және бүгінгі таңда сомалар біршама азайған. 

«Егер жыл басында, қаңтар және ақпан айларында 15 млн және одан артық сома, яғни осындай сомада қаражаты бар адамдар өтінім жасаған болатын. Бүгінде өтінімнің орташа сомасы бір миллионнан екі миллионға дейінгі соманы құрайды. Мұндай ресурстармен облыс орталықтары немесе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бағалар нарығына әсер ету мүмкін емес. Сәйкесінше мамыр айының соңында және маусым айының басында зейнетақы жарналарын пайдалана отырып жасалған мәмілелер толықтай бейтараптанады. Тіпті сезілмей қалады», — деп түсініктеме берді Отбасы банк басшысы.      

Ляззат Ибрагимова бүгінгі таңда тұрғындар қаражатты займдарды өтеу үшін ай сайын пайдалану және бағалау көрсеткішін қалыптастыру үшін Отбасы банкіне аудару мүмкіндігіне қатысты   жүгінетінін атап өтті. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: newtimes.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×