Now Reading
Қазақстандықтарға 324 млрд теңгеден астам мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтарға 324 млрд теңгеден астам мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленді

Қазақстандықтарға 324 млрд теңгеден астам мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленді

2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге республикалық бюджеттен 257,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 66,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

«2021 жылдың қазан айында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 25,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 6,7 млрд теңге бөлінді. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 524,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 149,7 мың адамды құрайды», — деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, асыраушысы қайтыс болған асырауындағы жандар санына, сондай-ақ «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты. 

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 48 690 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – 44 793 теңгені құрады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×