Now Reading
Степногорск қаласының тұрғыны мүгедектігі бар ағасының картасынан 100 мың теңгеден астам ақша ұрлаған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Степногорск қаласының тұрғыны мүгедектігі бар ағасының картасынан 100 мың теңгеден астам ақша ұрлаған

Степногорск қаласының тұрғыны мүгедектігі бар ағасының картасынан 100 мың теңгеден астам ақша ұрлаған

Степногорск қаласының тұрғыны емделіп жатқан мүгедектігі бар ағасының картасынан 100 мың теңгеден астам ақшаны жымқырған. 

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 желтоқсанда Степногорск қаласының полиция қызметіне 35 жастағы жергілікті тұрғын 1 қараша мен 3 желтоқсан аралығында белгісіз біреу оның ағасының  банк картасын ұрлап кеткенін, картадан 105 500 теңге сомасында қаражат алынғанын айтып арызданған. 

Карта иесі 2-топтағы мүгедектігі бар жан ауруханалардың бірінде емделіп жатқан. Ауруханадан шыққаннан кейін ол жәрдемақыны қолма-қол алмақ болды. Алайда банк есепшотта ақша жоқ деп хабарлаған. «Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндік туды. 

Степногорск қаласының 29 жастағы тұрғыны ағасының картасының ПИН кодын біле тұра оны пайдаланып, ақшаны жұмсағанын мойындады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Банк картасы алынды», — деп қорытындылады министрлік. 

Ақмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға және картадағы ақшаны сақтауға көмектесетін қарапайым ережелерді сақтауға шақырды: картаны үшінші тұлғаларға бермеу, ешкімге банк картасының PIN кодын және CVC/CVV кодын айтпау. Сонымен қатар барлық карта транзакциялары туралы хабарламаларды алу үшін SMS хабарламасын орнату керек.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×