Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шараға Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, БАҚ қызметкерлері қатысты.
Жиынды Астана қаласы әкімінің орынбасары, осы комиссия төрағасы Есет Бәйкен ашты.
Алдымен 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары мен қорытындылары талқыланды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб 2023 жылға қарай басқармада мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тақырыптары бекітілгенін, 5 әлеуметтік жоба жоспарланғанын атап өтті.
Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов өз сөзінде әйелдерді көшбасшылыққа тәрбиелеуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар аясындағы жобаларға тоқталды.
«Біріншіден, биылғы жылы әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылған 11 тапсырыстың 3-еуі отбасы институтын нығайтуға бағытталған жобалар екенін атап өткім келеді. Бірінші жоба Татуласу орталығын құруға бағытталды. Отбасында туындайтын дауларды медиация әлеуетін пайдалана отырып шешу мақсатында ұзақ мерзімді үш жылдық жоба жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда жоба екінші жыл жүзеге асырылуда. Орталық Астана қаласының соттарымен және медиация орталығымен тығыз байланыста. Қаңтар мен қараша айлары аралығында отбасылық жанжалдарға 300-ге жуық азаматтық психологиялық көмек көрсетілді. Оның ішінде 180 әйел ішкі істер органдарымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Медиация арқылы 29 отбасы татуласып отыр.
Мамандар кейіннен оңалту курсынан өткен 32 азаматпен әңгімелесті. 26 азаматқа психологиялық виктимизациядан қорғау және түрлі көмек көрсету мақсатында заңнама негізінде кеңестер берілді. Дағдарыс орталығына 3 әйел орналастырылды. Жоба аясында қалалық соттармен бірлесіп семинар-тренингтер өтуде», — деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы.
Сондай-ақ аталған жоба аясында департамент әйелдердің саяси өмірдегі белсенділігін арттыруға көмектесетін гендерлік мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Бұдан кейін кеңесте әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне арналған жыл сайынғы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын ұйымдастыру, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын қосымша біліммен, спорт секциялары мен үйірмелермен қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру сынды мәселелерге талдау жасалды. Тақырыпқа байланысты Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі басқа да басқармалардың басшылары мен комиссия мүшелері сөз сөйледі.
26 азаматқа психологиялық виктимизациядан қорғау және түрлі көмек көрсету мақсатында заңнама негізінде кеңестер берілді.