Now Reading
Мүгедектігі бар 14,9 мыңнан астам адамдарға 2025 жылдың басынан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар 14,9 мыңнан астам адамдарға 2025 жылдың басынан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді

Мүгедектігі бар 14,9 мыңнан астам адамдарға 2025 жылдың басынан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді

Мүгедектігі бар 14,9 мыңнан астам адамдарға 2025 жылдың басынан бастап жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар қамтылды. Қазіргі уақытта барлығы 108,9 мың ерекше қажеттіліктері бар адам (28,9%) жұмыспен қамтылған.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4% — на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 4,8 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына ерекше қажеттіліктері бар адамдар да тартылған. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша. Тұрақты жұмысқа 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 191 адам, жастар тәжірибесіне 80 адам, қоғамдық жұмыстарға 3,2 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша 4 адам және «Күміс ғасыр» – 333 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 17 адам, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 726 адам аяқталғаннан кейін сертификаттар алды.

Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі. Барлығы 226 арнайы жұмыс орны құрылды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×