Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 221 мыңнан астам тапсырыс берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 221,7 мың рет көрсетілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтар қызметті алудан бір күн бұрын телефон арқылы қабылдауға жазылуы керек, бұл оларды сапарларын алдын ала жоспарлауға, мүгедектігі бар жандарға арналған таксидің келуін күту, сонымен қатар көлік тапшылығы мәселесі және т.б.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталды.
Маңызды шарт, әдетте агрегаторлық платформалардың пайдасына шегерілетін жолақы төлемдері бойынша пайыздардың болмауы болды. Яндекс пилоттық жобаға ерікті түрде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық бағдарлама аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси аясында жеңіл автокөліктерге тапсырыс бере алады. Бұл қызмет алушы үшін автокөлікті жылдам таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс күйін қадағалауға және аяқталған сапарларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше тілектер туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер жолаушыны көлікке орналастыруға және одан шығуға көмектесу сияқты арнайы нұсқаулар алады.
Ағымдағы жылы жобаны пилоттық режимде жүзеге асыру жалғасуда, оған Астана және Алматы қалаларының мүмкіндігі шектеулі жандардың фокус-топтары қатысуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарына да кеңейту жоспарлануда.
Ағымдағы жылы жобаны пилоттық режимде жүзеге асыру жалғасуда, оған Астана және Алматы қалаларының мүгедектігі бар адамдардың фокус-топтары қатысуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарына да кеңейту жоспарлануда.