Now Reading
Елордада балалардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігі мен қорғалуы қалай қамтамасыз етіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада балалардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігі мен қорғалуы қалай қамтамасыз етіледі

Елордада балалардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігі мен қорғалуы қалай қамтамасыз етіледі

Елорданың Нұра ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Іс-шаралар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Профилактикалық жұмыстар күндіз де, кешкі уақытта да жүргізіледі. Аудан әкімдігінің мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй кешендерінің аулаларын аралайды. Қазіргі таңда олардың басты мақсаты – балалардың терезеден құлауына байланысты маусымдық қайғылы оқиғалардың алдын алу.

Рейдке қатысушылар ересектер мен балаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ата-аналарға бүлдіршіндерді ашық терезесі бар немесе сенімсіз маса торы орнатылған бөлмеде бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырудың өмірге аса қауіпті екені ескертіледі. Ақпаратты бекіту мақсатында тұрғындарға арнайы тақырыптық жадынамалар таратылады.

Кешкі уақыттан кейін жұмыс форматы өзгереді. Сағат 23:00-ден кейін аудан көшелеріне аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдерінен құралған түнгі профилактикалық патруль шығады. Оның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және ата-анасының хабарынсыз түнгі уақытта көшеде жүруінің алдын алу.

«Рейдтің басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту. Сонымен қатар бұл жасөспірімдердің заңсыз немесе қауіпті жағдайларға тап болуына жол бермеуге мүмкіндік береді», – деді Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Сабитов.

Түнгі рейд бағыты жастар көп жиналатын орындарды қамтиды. Компьютерлік клубтар, сауда-ойын-сауық орталықтары, саябақтар, гүлзарлар мен аула аумақтары тексеріледі.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің (ата-анасының немесе қамқоршысының) еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына қатаң тыйым салынады. Ал ойын-сауық орындарына қатысты талап бұдан да қатаң: ересектердің еріп жүруінсіз мұндай мекемелерге сағат 22:00-ден кейін кіруге болмайды. Полиция қызметкерлері мен аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар жасөспірімдердің еркіндігін шектеу үшін емес, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған қажетті талап болып табылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×