Now Reading
Астанада тәулігіне 1000 науқасқа қызмет көрсететін заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада тәулігіне 1000 науқасқа қызмет көрсететін заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда

Астанада тәулігіне 1000 науқасқа қызмет көрсететін заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда

Астанада тәулігіне 1000 науқасқа қызмет көрсететін заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда

 

Астанада №2 көпбейінді қалалық аурухананың базасында заманауи қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы қазан айында аяқталады.

 

Құрылыс барысымен және кешеннің медициналық жабдықтармен жарақтандырылуымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танысты. Сапар барысында ол қабылдау бөлімін, операциялық және реанимациялық палаталарды, диагностикалық кабинеттерді аралап көріп, дәрігерлермен нысанның пациенттерді қабылдауға дайындығын талқылады.

 

Тәулігіне 850-1000 науқасқа дейін қабылдауға есептелген жаңа нысан Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті бюджет қаражатының есебінен салынуда.

 

Жалпы аумағы 7 мың шаршы метрден асатын бес қабатты кешенде заманауи диагностикалық қызметтер, операциялық блоктар, травматология бөлімшелері және инсульт орталығы біріктіріледі. Барлығы 118 төсек қарастырылған, оның ішінде 18-і реанимациялық төсек.

 

Жаңа кешеннің басты ерекшелігі – шұғыл медициналық көмекті науқастың бірыңғай маршруты қағидаты бойынша көрсету мүмкіндігі. Яғни науқасты қабылдау мен диагностикадан бастап ота жасауға және одан кейінгі емдеуге дейінгі барлық кезең бір жүйеге біріктіріледі. Акушерлік бейіндегі науқастар, жалпы науқастар ағыны және травматологиялық пунктке келушілер үшін жеке кіреберістер көзделген.

 

Кешен базасында елорданың сол жағалауында тұратын ересек тұрғындарға арналған травматологиялық пункт те жұмыс істейтін болады. Ол тәулігіне 100-120 өтініш қабылдауға есептелген.

 

Диагностика мен емдеу үшін компьютерлік томограф, қуаты 3 Тесла болатын МРТ аппараты, ангиограф, рентген қондырғылары және ультрадыбыстық зерттеу аппараттарын қоса алғанда, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды. Жаңа операциялық блоктар күрделі хирургиялық араласуларды, оның ішінде ауыр жарақаттар мен қан тамырлары аурулары кезінде операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Инсульт алған және ауыр жарақаттары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін 40 төсектен тұратын мамандандырылған бөлімшелер көзделген.

 

Сапар барысында дәрігерлер министрге заманауи хирургиялық жабдықтарды, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа неонаталдық үстелдер мен тасымалдауға арналған кювездерді таныстырды.

 

Ауруханада бірыңғай цифрлық мониторинг жүйесі де енгізілуде. Ол дәрігерлерге оталық және реанимациялық бөлімшелердегі науқастардың жағдайын орталықтандырылған түрде бақылауға мүмкіндік береді.

 

Жаңа кешенде 150 жұмыс орны көзделген, оның 50-і жаңадан құрылатын жұмыс орындары.

 

Қабылдау-диагностикалық кешеннің ашылуы елорданың медициналық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды кезең болып, тұрғындардың заманауи шұғыл медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×