Облыс прокуратурасы онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығына талдау жасады.
«Нәтижелер қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы, 3-4 топтағы қатерлі ісік ауруына шалдыққан және паллиативтік көмек алатын 661 адам мүгедектігін тіркеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылғанын көрсетті», — делінген хабарламада.
Осылайша, кейбіреулері бес жылдан астам уақыт бойы «Д» есебінде тұрған осы науқастарға қатысты емдеуші дәрігерлер олардың мүгедектігін, мүгедектік дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеу туралы мәселе көтермеді.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Бүгінгі таңда заң бұзушылықтар жойылып, денсаулық сақтау басқармасы аталған тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Бұл процесс облыстық прокуратураның бақылауында.