Now Reading
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру мәселесі талқыланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру мәселесі талқыланды

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру мәселесі талқыланды

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының және Ресейдің «Кедергісіз қала» ұлттық қайырымдылық қорының қолдауымен ү.ж. 15-17 сәуір аралығында елордада «кедергісіз орта құру бойынша кешенді тәсілді қалыптастыру және жұмыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыбында үш күндік республикалық оқу-практикалық семинары өткізілді.
Семинар жұмысына Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің, өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ әкімдердің мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесшілері мен бейінді ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Негізгі спикерлер ретінде «Кедергісіз қала» қорының вице-президенті, Еурокомиссияның «Design For All Foundation Awards – the best practice of Europe in 2015» сыйлығының иегері Сергей Чистый, сондай-ақ «көліктегі жолаушылар үшін сервистік қызметтерді өндірушілер қауымдастығының» бас директоры Александр Авдеев сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. К. Жақыпова семинарға қатысушылардың алдында сөз сөйлей отырып, бүгінгі таңда кедергісіз орта құру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.
«Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту-біздің қоғамның басты міндеті. Сондықтан мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі қолжетімді ортаны қамтамасыз ету болып табылады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде соңғы бес жылда барлық әлеуметтік инфрақұрылымды түгендеу қамтамасыз етілді. Мәселен, онлайн-режимде «Қолжетімді орта» интерактивті порталы іске қосылды және өзектілендіріледі, ол қазақстандықтарды қандай да бір нысанның қолжетімділігі туралы хабардар етеді. Жергілікті жерлерде нысандарды бейімдеу бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Осылайша, қол жеткізілген оң өзгерістерге қарамастан, халықаралық стандарттар мен талаптарды қолдануды ескере отырып, алдымызда күрделі міндеттер тұр», – деді ол.
Семинар аясында тұрғындар үшін кедергісіз қалалық ортаны құру міндеттерін кешенді шешудің өзекті озық әлемдік практикасына шолу жасалды, сондай-ақ объектілердің қолжетімділігін тексеру және техникалық құжаттарды әзірлеу бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды.
Айта кету керек, Қазақстанда осындай іс-шара алғаш рет өткізіліп, онда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз жағдайлар жасау бойынша кешенді тәсілдер қарастырылды.

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×