Now Reading
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне ыңғайлы елдер
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Статьи > Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне ыңғайлы елдер

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне ыңғайлы елдер

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 600 мыңнан асып жығылады. Олардың жанайқайына, күнделікті ұшырасатын проблемаларына бейжай қараудан жалықпаймыз. Тіпті құқықтарын бұзып жатамыз. Сонда  қай елдерде ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалған? 

       Халықтың басым көпшілігі АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерінде барынша қолайлы жағдай жасалған деп ойлайды. Иә, бұл пікірмен келіспеске болмас. Теріске шығара да алмайсыз. Шынымен, дамығын елдердегі қоғамдық, әлеуметтік көзқарастың өзі ойландыруға тұрарлық. Мәселен, жоғарыда аталған мемлекеттерде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қоғамдық көлікте тегін жүруге, тегін баспанада тұруға, жеке күтушінің көмегіне жүгінуге, ешқандай кедергісіз қоғамдық орындарда емін-еркін қозғалуға толықтай жағдай жасалған. Қоғамдық орындар арнайы дәретханалармен, мүгедектер креслосын түсіруге арналған құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар олардың құқықтары арнайы заңмен, актілермен бекітіледі. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі де қамтамасыз етілген. Салыстырып қана қоймай, жақсылап зерделеп, көкейге түйіп, үлгі аларлықтай нәрсе екен. Швеция кәсіпқой мамандардан психологиялық және физикалық (оңалту гимнастикасы) көмек, қажетті функцияларды орындауға қабілетсіз адамға жеке көмекші тағайындайды. Бұлардың барлығы муниципалитет тарапынан қаржыландырылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін жалғыз сезінбес үшін арнайы достың қызметіне жүгіне алады. Қоғамнан алшақтамас үшін, тиісті орын онымен бос уақытын өткізетін, саяхаттайтын адамды тауып бере алады. Барлық қызметтер тегін және өте жоғары салықпен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік ұйымның жоғары деңгейінің арнайы индикаторы мүгедектер мен қарттарға қатысты болуы мүмкін. Көптеген муниципалитеттерде мүгедектерді қоғамға оңалту және интеграциялау шығындары білімге немесе егде жастағы адамдарға көмекке жұмсалатын шығындарға тең. Швецияда соңғы онжылдықта мүгедектігі бар адамдарға еңбек нарығында жұмысқа орналасу және жұмыс күшін сақтау туралы бірқатар заңдар қабылданды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеп қана қоймай, олардың қалыпты өмір сүруіне, жұмыс істеуіне, өздерін пайдасыз сезінуге мүмкіндік бермейді. Ұлыбританияда 1944 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарды кемсітуге тыйым салатын заң жұмыс істейді. Олардың қоғам алдыңдағы құқығы жоғары дәрежеде қорғалады. Мемлекеттік және жекеменшік құрылымдар тиісті қызметтерге қол жетуін қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа алушы орган оларға тиісті жұмыс орындарын бейімдеуге, кәсіптік біліктілікке қолайлы жағдай жасауға міндеттеледі. Аталмыш елдердің барлығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе төмен сапалы қызметтер ұсынуға тыйым салынады. Америкада мүгедектерге жұмысқа орналастырудан  бас тартқан жұмыс берушілерге айыппұл салынады. Ал оларды жұмысқа қабылдаған компанияларға, керісінше, салық мөлшері жеңілдетіледі. Германияда, Конституцияға сәйкес, мүгедектігі салдарынан ешкімнің өз құқықтарынан айырылуы мүмкін емес. Барлық азаматтарда «оңалту және қалыпты өмірге кірігу құқығы» бар. Оған қоса мүгедектігі және мүгедектік қаупі бар адамдарды қоғамға біріктіру бойынша арнайы заң жұмыс істейді. Ал Токионың метро станциясында мүгедектерге арналған экскалатор жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда бірнеше сатылар бір платформаға біріктіріліп, синхронды түрде тоқтатылады. Осы уақытта эскалатордың қалған бөлігі бұрынғыдай жұмыс істей береді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамдық сананың ашықтығына, мемлекеттің дамуына үлес қосуына қолайлы жағдай жасалған. Адам құқығын, ой мен сөз еркіндігін алдыңғы қатарға қоятын бұл мемлекеттер – дамушы елдерге үлгі боларлық өнеге көрсетуден қалыспайды. Көмекке мұқтаж жандарды заң, мемлекет, әлеумет тұрғысынан барынша қолдайды.

 

Авторы: Томирис

+1
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×