Now Reading
Түрксіб ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі көмекшісі Богдан Джепканың бір күндік өмірі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Түрксіб ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі көмекшісі Богдан Джепканың бір күндік өмірі

Түрксіб ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі көмекшісі Богдан Джепканың бір күндік өмірі

Оның белсенді өмірлік ұстанымы жұмысқа орналасу барысында өз септігін тигізді

Наурыз айында Қазақстан БАҚ-ры Алматы қаласы, Түрксіб ауданының әкімі Павла Кулагиннің  көмекшісі лауазымына Богдан Джепка есімді арбаға танылған азаматтың тағайындалғаны жайлы жарыса жазды. Karavan.kz медиа-порталының корреспонденті әкімнің жаңа кеңесшісінің күнделікті жұмысы туралы білуді жөн көрді.

— Әкімнің көмекшісі қызметіне қалай орналастыңыз?

—  Өткен жылдың қараша айында «Мен – Алматылықпын» қоғамдық ұйымынан және «Шырақ» қоғамынан әлеуметтік желілерде SMM маркетингін оқуға өтініш жібердім. Бюджет мемлекеттік емес.  Қаржы кәсіпкерлер тарапынан бөлінеді. Оқу онлайн түрде тәулігіне  бес рет YouTube-та өткізілді, — деп  Богдан өз тарихын бастады.

 

— Таңдау әр түрлі мүгедектігі бар адамдардан жасалды. Куратор ретінде Алматыдағы танымал тұлға – Вячеслав Сергеевич Неруш қатысты.  Нәтижесінде 34 адам оқуға мүмкіндік алды.Оқу қызу жүре бастады. Мен Түрксіб ауданында тұрғандықтан  Алматы қаласындағы жұмысым үшін ауданға қолжетімділік бойынша бақылау жасадым. Бақылау нәтижесін кейін өзімнің Facebook және Instagram парақшаларында жаздым. Біз кәсіби ұстаздардан дәріс алдық және  олармен жиі араласып тұрамыз. Олар бізге көп нәрсені үйретті. Біз Facebook және Instagram желілерінде дизайн жасауды,  сайт конструкторлары арқылы веб-сайт жасауды үйрендік. Google жарнамаларымен айналыстық.

 

— Оқытушылар мен ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Павел Сергеевич менің Facebook-ғы жазбаларымды қадағалап қана қоймай, жазу қабілетімді арттыруға көмек қолын созды.  Төрт ай бұрын жұмысқа орналасу туралы сұрақ туындаған сәтте әкімге менің кандидатурамды ұсынды. Сөйтіп мен Түрксіб ауданы әкімінің кеңесшісі болдым.

 

Богданның орта білімі бар. Дистанционды түрде оқуын аяқтай алмаса да, алдағы уақытта жалғастыру жоспарда бар екендігін атап өтті.

Дәл қазір әкімдікте жөндеу жүріп жатқандықтан, көмекшіге «Нұр Отан» ғимаратынан арнайы бөлме берілді. Ол жұмысқа таңертең сағат 8:30-да келеді.

— Кейін алдыма жоспар қойып, жүзеге асыруды ойластырамын Қазір қызметкерлермен танысып, ауданға  баратын жолдардағы, аялдамалардағы кемшіліктерді жою үшін бақылау жасаудамын. Облыс тұрғындарының бірлескен отырыстарына қатысамын. Бүгін №9 емханаға барып «дөңгелек үстел» өткіздік. Ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген адамдармен жақынырақ танысуға мүмкіндік туды. Күнім осылайша зуылдап өтіп кетеді, —дейді  Богдан.

 

Әкімнің жаңа көмекшісінің жұбайы және 16 жасар қызы бар. Ол өзінің басты мақсаты – айналасындағы адамдарға қолынан келгенше  жақсылық жасау екендігін мойындады.

Оның басты қызығушылықтарының бірі – спорт.

Реклама/TV Media Digital

 

— Спорт мен үшін отбасым секілді. Ол — менің жанымның бөлшегі. «Толпар» пышақпен жекпе-жек  мектебінде пышақпен күрес жүргіземін. Жаттығушы бізді  арандатушылардың соңынан ермеуге үйретеді. Зияткерлік пен дене шынықтыру қызметтерін дамыту бойынша жұмыс жасаймыз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз. Жігіттер жарады, маған жеңілдіктер жасамайды. Сондай-ақ, Алматы қаласының спорттық лигасына қатыстым. Қол күресінен чемпионат өткізіп, мен жеңімпаз атандым. Зілтемір көтеру бойынша екінші орынды иелендім. Алматыдағы ең алғашқыі жарты марафонда жүгірдім. Ауданда атқарылған жұмыстарға қатысты қоса кетсем: қолжетімділік бойынша көптеген орындарды ретке келтірдік.

 

— Павел Кулагин бірінші кездесуден кейін қандай әсер қалдырды?  —Павел Сергеевичпен әңгімелесуге келгенімде таныстық. Бірдең жұмыстың ауыр, қиындық тудыратынын айтты. Бұл PR емес!  Жігерлі және жауапты адам екені бір көргеннен байқалады. Мен адамдарды жақсы танимын. Сондықтан ойланбастан нағыз ер екенін айта кетейін. Көңіл күйім жақсы.

 

Алдағы уақытта Богдан мүгедектерге арналған қосымша ойлап табуды жоспарлап жүр. Айтпақшы, әзірше ол тегін жұмыс істейді.

— Оның қандай пайдасы болмақ?

— Бастапқыда жоба саны үшеу болды. Барлық жігіттер жарады. Әрқайсысы мұқтаж адамдарға көмектесу үшін керемет идеялар ұсынды . Біздің бағдарламамыз  бір рет басу арқылы дүкенге баруға, тез арада жедел жәрдем шақыруға көмектеседі. Еріктілер мүгедектерге, сондай-ақ балалар арбасы бар ата-аналарға, зейнеткерлерге көмектеседі. Ең бастысы — қосымшаны тезірек жасауға және тестілеуден өткізуге қаражат табу.

 

Қазір жаңа әкімнің көмекшісінің міндеті – Түрксіб ауданындағы тұрғындардың  өміріне, қызметтеріне қатысты жақсы-жаман жаңалықтарды ақпараттық сүйемелдеу.

 

— Жұмыс жеткілікті, және бұл PR емес. Басты мақсат — барлығы батыл әрі жаңашыл әкімдер болғанын,  республикада қол жетімділік мәселесін біржола шешуге бағыттау. Бұл үшін мүгедектерді сарапшы ретінде жұмысқа тарту қажет. Соның арқасында тұрғындардың тілектері тезірек шешіліп, түрлі деңгейдегі қызметкерлер өз жұмыстарын басқаша атқарады деген сенімдемін.

 

Барлығына алғысымды білдіремін: Авершин Константин Викторовичке, бізді оқытып қана қоймай, әрқайсымызды жұмысқа орналастыруға көмек көрсеткен ұстаздарыма, мені қолдайтын адамдарға рахмет! Сонымен қатар ар жақта оқып отырған адамдарға айтарым, жақсы істер жасайық, – деп түйіндеді Богдан.

 

Ақпарат: Караван

 

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×