Now Reading
АСТАНА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > АСТАНА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

АСТАНА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық баспана астаналық көпбалалы аналарға берілмек. Бұл туралы Бахыт Сұлтанов кездесуде айтты.

Аталмыш жобалар үшін арнайы қосымша қаражат бөлінді. Жылына 2% мөлшерде ипотекалық несие жеңілдігін беру жоспарлануда. Қала басшысы басқа да әлеуметтік қолдау шаралары жайлы сөз қозғады.  Сұлтанов ерекше балалары бар отбасылардың жәрдемақыны жоғарлату, дәрі-дәрмек сатып алуға жәрдемдесуге және өмір бойы мүгедектігі бойынша зейнетақы орнатуға қатысты өтініштерді тыңдап, тиісті шешім қаблыданатынын атап өтті.

Бахыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі: Біз 18 жастан асқан адамдарға қатысты шешім қабылдадық. Қазіргі уақытта 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланың қамқоршысы қоғамдық көлікпен тегін жүре алады. Бюджеттен аталмыш проблеманы шешу үшін 1 млрд 300 млн теңге бөлінді. Үйде оқитын мүгедек-балаға берілетін жәрдемақы мөлшері бір жарым есеге ұлғайды. Әзірше бюджеттің шама-шарқысы осыған жетеді. Сонымен қатар, барлық мектеп директорларының  жұмысына бәрқатар критерийлер қойылады. Яғни, олардың жұмыстарының тиімділігі инклюзия арқылы бағаланатын болады деген шешімге келдік.

 

Ақпарат:  Хабар 24

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts