Атырау әуежайында мүмкіндігі шектеулі жандарды әуе кемесінің бортына жеткізуге және түсіріп алуға арналған лифт пайда болды.
«Біз аталмыш лифті түрін жеткізу үшін ресейлік компаниялардың бірімен келісім жасастық. Бұл арнайы тапсырыс бойынша жасалған амбулаторлық лифт. Үш мүгедектер арбасы және науқастарға арналған зембілдер оңай сыйып кетеді. Жабдықтың құны 8 миллион 230 мың рубльді құрады. Лифт барлық сынақтардан өтті. Қазіргі уақытта Атырау қаласының әуежайына келген барлық рейстерге қызмет көрсетуге қатысуда. Ол әуе кемелерінің барлық түрлеріне бейімделген және жүк көтерімділігі бір тоннаға дейін жетеді », — деді Атырау әуежайы басшысының орынбасары Серік Смағұлов. Лифт Hyundai автокөлігінің шассиіне орнатылған. Сыртқы келбеті көтергіш механизмі мен пандусы бар жабық бункер немесе вагонға ұқсас. Алдымен арбалар пандус арқылы бункерге жүктеледі. Кейін көлік ұшақ қонатын ұшып-қону жолағына қарай беттейді. Тиісті орынға жеткен сәтте бункер ұшақтың есігіне дейін көтеріледі.
Ақпарат: Kazinform