Now Reading
Елімізде балаларға арналған тегін туристік пойыз шығару ұсынылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елімізде балаларға арналған тегін туристік пойыз шығару ұсынылды

Елімізде балаларға арналған тегін туристік пойыз шығару ұсынылды

Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірлерге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаны Үкіметке Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр.

Сурет ресми сайттан алынды.

«Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасымен (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда. Мұндай тәжірибе кең халықаралық тәжірибеге ие және әлемнің көптеген дамыған елдерде — Ұлыбританияда, Катарда, Тайитиде, Скандинавия елдерінде қолданылады», — дейді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалардың туристік пойызын» іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Басымдық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға, білім байқауларының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға және басқаларға беріледі. Одан бөлек, елдегі балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуды бұдан әрі жандандыру үшін Үкімет жанындағы тиісті Үйлестіруші кеңесті құру қажет. Осы орайда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құруға көмек көрсету жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз», — деді Үкімет басшысына Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 

Ақпарат: ҚазАқпарат

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...