Now Reading
Батуттар мен аттракциондарда баланы жұқпалы аурулардан қалай сақтандыруға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Батуттар мен аттракциондарда баланы жұқпалы аурулардан қалай сақтандыруға болады

Батуттар мен аттракциондарда баланы жұқпалы аурулардан қалай сақтандыруға болады

Елордадағы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің өкілдері балалардың батуттарға, ойын бөлмелеріне және аттракциондарға барған кезінде оларды жұқпалы аурулардан қалай сақтандыруға болатындығын түсіндірді.

«Аттракциондағы ойыншықтар, сырғанақтар, шарлар, жұмсақ қарындаш, шар салынған бассейндер арқылы микробтар, ішек құрты, педикулез, менингит пен пневмония қоздырғыштары жұғуы  мүмкін», — делінген хабарламада.

Осы орайда балалардың түрлі аураларға шалдығуының алдын алу мақсатында  ата-аналар үшін тиісті кеңестер бар: аттракционға барардың алдында және барғаннан кейін баланың қолын жуған дұрыс; ойын арасындағы үзіліс кезінде баланы тамақтандырар алдында қолдың тазалығына мән берген жөн; баланың шашын жинап, бас киімді кигізген дұрыс және қыздардың шашын өрген абзал.

Батуттар, ойын алаңдары, аттракциондар балалар үшін тартымды орындар болып саналады.

«Департамент осы саладағы санитарлық-гигиеналық талаптарды қадағаламайды. Сәйкесінше, департамент пайдаланылатын материалдың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына, күнделікті тазалық шараларына тексеріс жүргізе алмайды», — делінген таратылған мәліметте.

Ақпарат: ҚазАқпарат

0
Tags :

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...