Адам құқығы, ұлттық сайлау заңнамасы және таңдау технологиялары мәселелері бойынша
оқыту онлайн-семинарды өткізу үшін жаттықтырушы/сарапшыларды іріктеу конкурсы.
«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мына бағыттар бойынша 3 күндік оқыту онлайн-семинарына жаттықтырушыларды іріктеу үшін конкурс жариялайды:
- адам құқықтары;
- ұлттық сайлау заңнамасы;
- таңдау технологиялары.
Бұл шара «Мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірге қатынасуларын кеңейту» жобасы аясында өткізіледі.
Семинардың мақсаты: сайлауға қатысу мәселелері бойынша мүгедектігі бар әйел және ер адамдардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
Кімдер үшін: Қазақстанның түрлі аймақтарынан, белсенді өмірлік ұстанымдары бар мүгедектігі бар әйел және ер адамдар.
Өту мерзімі: 2020 жылдың тамыз айының бірінші не екінші жартысы (анықталуда)
Жобаға қатысушылар, онлайн-семинар барысында, сайлауға қатысу мәселелері бойынша ұлттық сайлау заңнамасы және халықаралық стандарттар, таңдау технологиялары, сайлау үрдісінің менеджменті және аталған тақырып бойынша басқа да іс жүзіндегі тәжірибелермен танысатын болады. Қатысушылар тренингтер нәтижесінде сайлау үрдісінің іс жүзіндегі жан-жақты ерекшеліктерін ескере отырып, сайлауға қатысу жоспарын өз бетімен құра алатын болады, жоба сарапшыларынан тиісті кеңестер алады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін 3 жаттықтырушы/сарапшыны іріктеп алу жоспарлануда.
Жаттықтырушы/сарапшыларға аралған жұмыстар көлемі:
міндеттер | мерзімдер |
Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері ескерілген, интерактивті нысандағы 3 күндік онлайн-семинардың модулын жазу.
Модульдің әр компонентінің мазмұнын дайындау (мини-дәрістер, таныстырылымдар, тарату материалдары және т.б.)
Қашықтықта өткізілуі ескерілген, семинардың бағдарламасы
Білім деңгейін бағалаудың бастапқы/соңғы-тестерін дайындау
Семинардың әр күні бойынша үй тапсырмаларын әзірлеу
|
20 күн |
3 күндік семинарды онлайн режимінде орыс тілінде өткізу (3 күн барысында күніне кемінде 3-4 сағат)
|
3 күн |
Семинар қорытындысы бойынша сипаттамалы есепті беру (көлемі 3 беттен кем болмауы тиіс)
|
семинардан соң бер апта ішінде
|
Жаттықтырушылардың өзара үйлесімді қарым-қатынастары
|
семинарды дайындау және өткізу барысында
|
Семинарға қатысты барлық материалдар мен ұйымдастыру кезеңдері бойынша тапсырыс берушінің келісімін алып отыру.
|
жалпы өту барысында |
Жаттықтыру/сарапшыларға қойылатын талаптар:
- жоғары білімінің болуы.
- Адам құқығы/ұлттық сайлау заңнамасы/таңдау технологиялары не құрмалас тақырыптар саласында семинар мен тренингтер өткізу бойынша тәжірибесінің болуы.
- Мүгедектігі бар адамдар мәселелерінен хабардар болуы.
- Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеруі, басымдылық қазақ тіліне беріледі.
- Қатысушылар/тапсырыс берушінің сұраныстары не қажеттілікке орай бағдарламаны түзетуге жылдам бейімділігі.
- Интернетке үзіліссіз қолжетімділігінің болуы, онлайн-семинар болғандықтан.
- Техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес жұмыстарды анықталған мерзімдерде орындауға дайындылығы.
Егер сіз осы конкурске қатынасуға мүдделі болсаңыз, nkiminova@gmail.comэлектрондық поштаға «Онлайн-семинар жүргізуге жаттықтырушы» деген белгімен резюмеңіз бен ілеспе хатыңызды жіберіңіз.
Резюме мен ілеспе хаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 20 шілде 2020 ж.