Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Ораза айында өзара сыйластық пен мейірім, ізгілік пен кешірім сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі. Жұрт көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсетуге, сауапты іс атқаруға ұмтылады. Осы ізгі амалдарыңызға Алла сауаптан жазсын!