Now Reading
Халықтың жүрегінен бастау алған дәстүрлер
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Халықтың жүрегінен бастау алған дәстүрлер

Халықтың жүрегінен бастау алған дәстүрлер

15 сәуір қазақстандықтар осымен оныншы рет қатарынан ерекше мереке – Ғашықтар күнін атап өтеді. Бұл мереке қазақ халқының сонау XIII-XIV ғасырлардағы халық эпосының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға арналған. Қазақстандық ғашықтар күні мерекесі сезімнің мөлдір және сұлу қырын танытуға бағытталған. Мереке идеясы жан тазалығы, қазақ әйелдері мен ұлттық батырларымыздың бейнесін насихаттауды көздейді. Осындай романтикалық мерекенің жер-дүние жаңарып, жайнаған көктеммен тұспа-тұс келуі де тегін емес.

Кей мерекелер келмеске кетіп жатса, кейбірінің мәні уақыт өте келе өзгеріп жатыр, енді бірі керемет бір көрініске ие болып жатыр.

Есіл ауданы Азаматтар хал-ахуалы актісін тіркеу бөлімінің қызметкерлері бұл мерекені тойлау сипаты өзгеруі тиіс дейді

– Жыл сайын 15 сәуірде елорданың «Нұр-Әлем» сияқты әдемі ғимараттарында неке қию салтанатын өткізу түріндегі жаңа дәстүр енгізбекшіміз. Бұл мерекеге баса назар аударып, маңыздылығын арттырғымыз келеді. Бұл аудан әкімі Берік Джакеновтің ұсынысы болатын, — дейді «Есіл» ауданы әкімінің аппараты азаматтар хал-ахуалы актісін тіркеу бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Карантиннің бір жақсы жақтарының бірі — кез келген жағдайға қарай бейімделу қабілеттерінің қалыптасуы шығар. АХАЖ қызметкерлері осындай тұрақсыз жағдайларда да неке қию сияқты айтулы күн жақсы естеліктермен есте қалуы үшін барынша күш салады. Неке қию рәсімі барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүзеге асырылады (қолғап, бетперде және қашықтықты сақтау).

Бөлім бастығының айтуынша пандемиямен күрес барысындағы шектеу шараларына қарамастан, аудан бойынша тіркелген некелер санының өскені байқалады. Адамдар отбасының маңыздылығын, жанындағы сүйікті адамдарының маңыздылығын түсіне түскендей.

– Жыл басынан бері 930 неке тіркелген. Өткен жылы жыл басынан бері 15 сәуірге дейін 524 неке тіркелген. Күнделікті орташа алғанда 10 неке тіркеледі, — дейді Раушан Зарирова.

«Бұл айтулы мереке күні көп жұптар той көйлектерін киіп келеді. Біз олардың мерекесін барынша салтанатты етуге тырысамыз. Өткен жылы локдаунға қарамастан далада неке тіркеу рәсімдерін өткіздік. Әрине, міндетті түрде барлық санитарлық нормалар сақталды. Қазір де күннің жылынғанын күтудеміз. Мәселен, Есіл ауданы әкімдігінің алдында гүлдер жайнап тұрған кезде өте әдемі алаң болады.

– Кейбір жұптар 15 сәуірді арнайы таңдамаған да болады. Бір некелесетін жұпқа осы күні қазақстандық ғашықтар күні мерекесі екенін айтқан едік. Олар қатты таң қалды. Осындай керемет мерекеде неке қиятындарына қатты қуанған болатын. Олар түйсіктерінде 15 сәуір олардың махаббаттары үшін ерекше күн деген сенім болған, — дейді Раушан Зарирова.

Көп адамдар 14 ақпанды мереке деп танып алған, бірақ бұл мерекенің астарына үңіле бермейді. Ал Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың хикаясын кез келген ел азаматы біледі. Қосыла алмаған қос ғашықтың керемет оқиғасы ауыздан ауызға таралып осы күнге дейін жеткен. Поэма орыс тілінде 1865 жылы жарық көрген. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары — X-XI ғасырлардан сақталған кесене Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында орналасқан.

 

 

Источник: Вечерняя Астана

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×