Now Reading
Қол созым жерде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қол созым жерде

Қол созым жерде

Елорда аудандары «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» жобасы аясында дамуда. Қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар жеңілдікті қол жетімді баспана құрылысының барысымен танысты.
– Әлеуметтік баспана «Алматы» ауданында орналасқан. ТК бірінші қабатында оңалту орталықтары, балабақшалар, балаларға арналған үйірмелер және т.б. әлеуметтік нысандар ашуды көздеп отырмыз.
«Алматы» ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы жүзеге асырылуда, оның ішінде мектептер де бар. Бұл мектеп осы ауданда салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендеріндегі оқушылардың қажеттіліктерін өтеуі тиіс, — деп атап өтті Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар қала әкімі үйлердің сапасына және абаттандыруға, құрылыс қарқынын азайтпауға баса назар аударуды тапсырған. Сапасыз жұмыстар қабылданбайтыны туралы айтылып келеді.
– «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеңілдікті санаттағы қол жетімді баспана көлемін ұлғайту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы жылы бұл көрсеткішті 10 мың әлеуметтік баспанаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Егер 2018 жылмен салыстырсақ бұл көрсеткіш 9 есеге артады.
2019 жылы 2900 әлеуметтік баспана салынып пайдалануға берілген, 2020 жылы 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынды», – деп атап көрсетті қала әкімі.

 

 

Источник: Вечерняя Астана

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...