17 сәуірден бастап Алматы қаласында «Ashyq» жобасына сәйкес кезең-кезеңімен кинотеатрлар жұмысын бастайды. Келушілердің QR кодын кіреберісте кассалардың билет зоналарына дейін сканерлеу жүргізілетін болады. Ол туралы Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Садвакас Байгабулов хабарлады.
Қызыл немесе сары статус анықталған жағдайда алдын-ала сатып алынған билет қайтарылады. Бес жасқа дейінгі балалар үшін QR кодын сканерлеу жүргізілмейді. Алдағы уақытта балалардың COVID-19 вирусымен ауыруы көрсеткіштерін есепке ала отырып шектеу жастарын қайта қарастыруымыз мүмкін», — дейді С.Байгабулов.
«15 сәуірде бойынан коронавирус анықталған 24 алматылық фитнес-орталықтар, бассейндер, боулинг-орталықтары және компьютер клубтарына жберілмеді»
Симптомдары жоқ, жеңіл формада COVID-19 жұқтырып, ауырып жүрген қызыл (ауырып жүрген) және сары (контактілі) алтылықтар өзге қала тұрғындарына ауру жұқтыру қаупін тудыра отырып, әлі де 14 күндік оқшаулану тәртібін сақтап жүрген жоқ. 9 сәуірден 15 сәуір аралығында 235 алматылық ауырып жүрген немесе контактілі бола тұра «Ashyq» жүйесінен аттап кетпек болған, — дейді С.Байгабулов.
235 адамның ішінде 211 адам қызыл статусты, 24 адам сары статусты болған.
Источник: zakon.kz