Бүгінгі таңда әлеуметтік желі пайдаланушылары өздері байқамаса да бөтен адамдарға өздері туралы тым көп мәліметтер ұсынып отырады.
Меселен, күнделікті Instagram немесе Facebook желілеріне жүктеп отыратын кейбір фотосуреттер бізге белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін.
Бүгінгі күні тіпті адамның жалақысының қанша екендігін сұрамауға да болады. Бар болғаны оның Instagram немесе Facebook желілеріндегі парақшаларын қарап шығу жеткілікті. Сол жерден оның суреттерінен қандай көлік мінетінін, қандай үйде тұратынын көріп-ақ оның табысы туралы шамамен болжай беруге болады. Сіз достарыңызбен кездескен мейрамханадан сурет жүктедіңіз, қандай тағам жегеніңізді, демалыстан көрініс, сатып алған заттарыңызды мақтанышпен жүктейсіз. Кез келген адам осы мәліметтер негізінде сіздің табысыңыз және байланыс ортаңыз туралы қорытынды жасай алады, — деп мәлімдеді Қазақстан Интернет ассоциациясының президенті Шавкат Сабиров.
Instagram, Facebook, ВКонтакте, Одноклассники, Twitter желілерінде қандай да бір сурет жүктемес бұрын өз отбасыңыздың суретін жүктей аласыз ба деген қарапайым сұраққа жауап беріп көріңіз – дейді маман. Егер жауабыңыз «иә» болса сіз туралы білетін адамдар қатары көбейе береді.
Мәселен, мен өз басым отбасы мүшелерінің фотосуретін ешқашан жүктеген емеспін, таныстар шегі аз, өз үйімнің суретін жүктемеймін – таныстарым одан да аз. Мен тек жұмысымның суреттерін ғана жүктеймін. Бұдан менің таныстарымның саны аз бола түседі. Дегенмен әлеуметтік желілерде өзіміз туралы барынша аз мәлімет жүктесек, өмір қауіпсіздігіміз де соншалықты арта түседі», — деп тұжырымдады Ш.Сабиров.
Источник: zakon.kz