«Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері қаулысына сәйкес 18 сәуірде жексенбі күні, бір күнге қала және қала маңы бағдарларының қозғалысы тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүзеге асырылады», — деп хабарланады CTS көлік компаниясының ресми хабарламасында.
Елорда тұрғындарына қоғамдық көліктерде бетперде тәртібін сақтау туралы ескертілді. Ал қоғамдық көлікте жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.
Елордалық автобустар 21 наурыздан бері карантин шаралары күшейтілгеннен бастап жексенбі сайын тоқтатылып келеді.
Источник: newtimes.kz