Алматы қаласының FUN оқу орталығында бір жарым жасар қызды ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп хабарланады.
«Алматы қаласының FUN оқу орталығында бір жарым жасар қызды ұрып соққан. Баланың бойынан көптеген ұрып-соғу іздерін көруге болады. Сонымен қатар сәбидің бас миының зақымдануы тіркеліп отыр. Орталық директорының айтуынша мұның бәрі осы қыз шамалас басқа баланың іс-әрекеті екен!», -деп жазды «Не молчи KZ» қорының өкілі Дина Тансари сенбі күні өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.
Д.Тансари Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахмановқа осы істі өз қадағалауына алуды өтінді.
«Бұл жауапқа сену қиынға соғады, сондықтан бұл істі Рустам Абдрахмановқа өз қадағалауына алуды өтінеміз. Бала өзінің жасына байланысты өзін-өзі қорғай алмайтыны белгілі, бірақ Алматы қаласы Жетісу ауданы полиция бөлімшесінің қызметкерлері мұндай әрекеттерге барған адамды анықтайды деген үміттеміз», — деп жазады құқық қорғаушы.
Алматы қаласының Полиция департаменті осы жайт бойынша жауап берді.
«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 141-бабы (Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша осындай мiндеттер жүктелген адамның тиісінше орындамауы) бойынша тіркелді және Жетісу ауданы полиция басқармасының өндірісінде. Тергеу барысында сәйкес процессуалдық әрекеттер мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижесі бойынша қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады» — деген жауап берілді Алматы ауданы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Источник: KazTAG