Now Reading
Талдықорған қаласының мектеп оқушысы Гарвардта оқу грантының иегері атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Талдықорған қаласының мектеп оқушысы Гарвардта оқу грантының иегері атанды

Талдықорған қаласының мектеп оқушысы Гарвардта оқу грантының иегері атанды

Талдықорған қаласының мектеп оқушысы Гарвардта оқу грантының иегері атанған. Әлемге танымал беделді оқу орнында Сезім Ертанатов заманауи компьютерлік технологияларды зерттемек. Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы бірнеше жылдан бері бағдарламалауды меңгеруде, сонымен қатар түрлі web-сайттар жасап жүр. Аталмыш беделді оқу орнында білім алуға әлем бойынша 55 мың адам өтінім білдірген. Қатаң сынақ және жоғары бәсекелестік нәтижесінде қазақстандық оқушы мың жарым адамның ішінен озып шыққан.
Сезім Ертанатов, Талдықорған қаласы НЗМ 12 сынып оқушысы:
— Болашақтағы жоспарым — осы Гарвард университетін сәтті тәмамдап, кемел білім, бағалы тәжірибе жинақтау. Егер жолым болып жатса магистратураға да түссем деп жоспарлап жүрмін. Сосын міндетті түрде Қазақстанға қайтып оралу.

 

 

Источник: Хабар 24

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...