Кене маусымы қыркүйекке дейін созылады.
Қазақстанда кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымы басталды, кенелердің максималды белсенділігі маусым айының бірінші жартысынан қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде хабарлады.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде кенелер туралы жаза бастады. «Астана — Что? Где? Когда?» тобында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әлия Ахмалишева далада оның отбасының әр мүшесіне үш кенеден жабысып қалғанын айтты. Ол жәндіктің суретімен желіде бөлісіп, қазақстандықтарға қауіп туралы ескертті.
Сәл кейінірек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кене және кене энцефалиті маусымы басталғандығы туралы ақпаратты растады.
Кене энцефалиті — бұл әр түрлі органдар мен жүйелердің, ең алдымен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын жедел инфекциялық, трансмиссивті, табиғи ошақты ауру. Оның нәтижесі ауыр жағдайларда мүгедектікке әкелетін тұрақты паралич болуы мүмкін.
Қазақстанда кене энцефалитін Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында , Алматыда және оның маңайында байқауға болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев көктем мен күзде балалар мен ересектерге арналған сауықтыру ұйымдарында, жұмысы табиғатта өтетін адамдардың тұрақты тұру орындарында, демалыс және туризм базаларында, бау-бақша кооперативтері, орман алқаптарында, аймақ тұрғындары тұрмыстық және басқа мақсаттар үшін, саяхаттап жиі баратын жерлерде кенеге қарсы өндеу жүргізілетінін хабарлады.
Кене энцефалитінің қоздырғышы адамға жұғады:
вирус жұқтырған кенені анестетикалық сілекеймен бірге сорғанда;
кенелердің жаппай шабуылы кезінде вирус ешкі, қой, сиыр сүттерінде болуы мүмкін, осы сүттерді шикі пайдаланған кезде;
кенені ұсақтағанда немесе тістеген жерді тырнағанда.
Кене энцефалитінің алдын алу иммундау немесе кененің кіріп кетуінен сақтайтын арнайы қорғаныс костюмдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
«Жейденің жеңі ұзын, түймеленетін болуы керек. Көйлекті шалбарға, ал шалбарды шұлық пен етікке салу керек. Басыңыз бен мойныңызды шарфпен, жоғары жағамен немесе басқаша қорғаңыз», — деді Е.Байтанаев.
Егер сіз табиғатта болсаңыз, жиі-жиі киіміңіз бен денеңізді тексеріп отыру қажет. Егер сіз жабысқан кене тапсаңыз — медициналық қызметкерге хабарласыңыз, егер мұндай мүмкіндік болмаса, кенені өзіңіз алып тастаңыз.
Денесін бөліп алмас үшін кенені өте мұқият алып тастау керек. Жабысқан кенеге кез-келген майдың немесе керосиннің тамшысын тамызып, оны пинцетпен немесе мықты жіппен ұстап, оны біртіндеп шайқап отырып алып тастау керек. Егер денесі теріде қалса, оны шөгір тәрізді алып тастап, жабысқан орнын йодтың тұнбасымен майлап, қолыңызды мұқият жуыңыз.
Кенелерден қорғану үшін дененің ашық жерлерін және киімге шашатын репелленттерді қолдануға болады.
Кене энцефалитінің қолайсыз аймақтарында сүтті тек қайнатқаннан кейін тұтыну қажет. Сонымен қатар тек шикі сүт қана қауіпті емес, сонымен қатар одан жасалған өнімдер: сүзбе, қаймақ, май және басқа да өнімдер қауіпті.
Кене шаққан қазақстандықтар бірінші күн ішінде жақын жердегі медициналық ұйымға хабарласып, шұғыл профилактика жүргізуі керек.
Источник: liter.kz