Now Reading
Кәсіп игеру бағдарламалары
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Кәсіп игеру бағдарламалары

Кәсіп игеру бағдарламалары

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Азамат Байтасов орталықтың қызметі, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, «Еңбек» бағдарламасы, жастар практикасы және азаматтарды жұмыспен қамтуға көмектесу жұмыстары туралы айтты.

— Қазіргі уақытта Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» бағдарламасы мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жұмыс жасауда. «Еңбек» бағдарламасы — кәсіптік оқыту, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ мамандық негіздеріне оқыту, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға жолдама беру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Бастау бизнес» бағдарламасына жолдамалар беру, сонымен қатар «Бірінші жұмыс орны» жобаларын қамтиды, — деді Азамат Байтасов.

Азамат Байтасов өз сөзінде 120 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқанын атап өтті.

— «Қысқа мерзімді кәсіптік оқу туралы айтып өтсем. Бүгінгі таңда мамандығы, жұмыс өтілі жоқ,  біліктілігінен айырылған жұмыссыз азаматтар жұмыс іздеп жүрген жағдайда, Жұмыспен қамту орталығы оларды кәсіптік оқуға жібереді. Оқу мерзімі мамандыққа байланысты 1-3 айға дейін созылады. Оқу барысында мемлекет ай сайын 21 787 теңге мөлшерінде стипендия төлейді. Оқуды бітіргеннен кейін азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға сәйкес ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта наубайшы, кондитер, кассир-бақылаушы, кран операторы, техник, электромонтер мамандықтарына құжаттар қабылдануда. Жоспар бойынша 200 адам қысқа мерзімді оқумен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта 120 адам білім алуда» — деді бөлім басшысы.

Нұр-Сұлтан қаласында 65 азамат «Еңбек» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантқа ие болғанын атап өтті. Ал жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант мөлшері 200 АЕК (583400 теңге) құрайды. 

— Бұл грантты алу үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтау қажет. Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау бизнес» жобасына грант алуға өтініш беруге болады. Бұл гранттан түскен қаражат технологиялық жабдыққа, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алуға жұмсалуы мүмкін. Жоспар бойынша бұл жұмысқа 400 адам тартылады. Қазір 65 адам грант алды, — деді Азамат Байтасов.

Оның айтуынша жастар практикасы арқылы 200-ден астам азамат жұмыспен қамтылған.

— Бұл бағдарламаға 29 жасқа толмаған жас түлектер, жұмыс өтілі жоқ және ең кем дегенде үш жыл бұрын диплом алған азаматтар қатыса алады. Жұмыстың ұзақтығы алты айдан аспайды. Жалақы — 94 мың теңге, үміткер қолына — 80 мың теңге алады. Жоспар бойынша 900 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 223 азамат жұмыспен қамтылған, —  деп хабарлады ол.

Басқарма басшысы өз сөзінде «Қоғамдық жұмыстар» мемлекеттік бағдарламасы туралы айтты.

— жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтитын алдын-ала кәсіби дайындықты қажет етпейтін бұл бағдарламаның ұзақтығы 12 айды құрайды. Қазіргі уақытта жалақы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде, яғни 85 мың теңге көлемінде қарастырылған, — деді Азамат Байтасов.

Сонымен қатар «Бірінші жұмыс орны» жобасы туралы айтылды.

— Бұл жастардың бойына қажетті еңбек дағдыларын қалыптастыру және оларды алғашқы жұмыс орнына бейімдеу мақсатында құрылған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның ұзақтығы — 24 ай. Жергілікті бюджеттен берілетін субсидия көлемі — 20 АЕК (58 мың теңге). Ал жұмыс беруші өз атынан қосымша қаражат қоса алады. Қазіргі уақытта бұл жоба жұмыс берушілердің ұсыныстарын қабылдап жатыр, — деді ол.

 

 

 

 

 

 

Источник: vechastana.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×