Now Reading
Депутат «Ashyq» қосымшасын сынға алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Депутат «Ashyq» қосымшасын сынға алды

Депутат «Ashyq» қосымшасын сынға алды

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Ashyq» қосымшасын сынға алды. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге жолдаған депутаттық сауалында депутат қосымша әлі де жетілдіруді талап ететіндігін атап өтті.

 «Ashyq» жобасының екі айлық пилоттық сынақ мерзімінің нәтижелері министрліктің хабарлауындай керемет болмаған, ал қосымшаның көпшілікке жаға қоймағанын да байқауға болады.  Пайдаланушылар қосымша бойынша 3 мыңға жуық сыни пікірлер, сауалдар мен шағымдар қалдырған. Олардың көпшілігі цифрлық өнімді жаппай пайдалануға енгізбес бұрын, бағдарлама әзірлеушілердің назарын аудару керек болатын көптеген жайттарды атаған — дейді мәжілісмен.

Сонымен қатар қосымшаның қазақстандықтардың жеке мәліметтері  — телефон нөмірлері мен ЖСН жинауы да алаңдаушылық туғызады.

Болашақта жеке мәліметтерді қандай мақсатта пайдалануға болатындығы белгісіз. Мысалы, қосымшаны пайдалану қажеті болмаған күні пайдаланушының жиналған деректеріне не болады. Қосымшаның қауіпсіздігіне күмән бар. Цифрлық министрліктің хабарлауынша, ол тиісті ақпараттық қауіпсіздік тексерісінен әлі өткен жоқ, — деп атап өтті С.Имашева.

Ол бағдарламаны жүктеп алған қолданушылар тіркелу және кіру кезінде қиындықтарға тап болатынын атап өтті. Сонымен қатар, қосымшада іс жүзінде пайдалы ақпарат жоқ, тек «кіруді тіркеу» және «шығуды тіркеу» деген екі сілтеме бар. Қосымшаға қол жетімді объектілер тізімі жоқ. Мекемеге келмес бұрын өз мәртебеңізді тексеру мүмкіндігі жоқ. Техникалық қолдау қызметімен байланыс сілтемесі жоқ.  

Бірақ ең бастысы қосымша адамның нақты мәртебесін көрсетпейді. Мысалы ПТР тестілеуінің теріс нәтижелері бар қолданушылар қосымшада көкпен берілген, ал дұрысы олар жасылмен белгіленуі тиіс болатын. Бұл қосымшаның қол жеткізген мәліметтер қорының дұрыс еместігін немесе дер кезінде жаңартылмағанын көрсетеді. Мұндай қателіктер қосымшаны пайдалану мағынасын жоққа шығарады. Сондай-ақ науқас адам белгілі бір мекемеге еркін баруы мүмкін, себебі оның мәртебесі дұрыс анықталмаған, ПТР-ден ешқашан өтпеген және тіпті симптомсыз адамдар да, сынақ нәтижесі теріс адамдар да көк түспен белгіленеді», — деп түсіндірді Снежанна Имашева.

Депутат бүгінгі күнге дейін цифрлық өнім иесінің мәртебесі әлі анықталмағанын және қосымшаға жауап беретін тұлға анықталмағанын атап өтті. Бұл азаматтардың сандық инновацияларға деген сенімсіздігін туғызады.

Құрметті министр, бүкіл елге «Ashyq» қосымшасын пайдалануды ұсынбас бұрын, пайдаланушылар жасаған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, олармен кері байланыс орната отырып   қосымшаны жетілдіру қажет деп есептейміз. Пайдаланушылар енгізген жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ол мәліметтердің рұқсатсыз қолданылуына жауапты тұлғаларды анықтау қажет.  Цифрлық өнімге меншік құқығының шарттарын, тәртібін белгілеңіз және оның ары қарай қызметін қамтамасыз ету үшін қаржыландыру көздерін анықтаңыз, — деді депутат. 

 

 

 

 

Источник: zakon.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×