Now Reading
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» ұлттық жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Аталмыш жобаның биыл төртінші маусымы өтуде. Биылғы жылы қатысушылар саны рекордтық — 2 790 өтінімді құрады. Қазылар алқасы ең лайықты деген 30 өтінімді таңдап алған. Елорда жоба жеңімпаздарын салтанатпен қарсы алды. Жеңімпаздар салтанатты шараға еліміздің әр түкпірінен жиналды. Жеңіске жеткендердің арасында дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар, ғалымдар, еріктілер мен кәсіпкерлер болды. Олардың барлығы кәсіби салада жетістікке жетіп қана қоймай, сонымен бірге елдің дамуына және Қазақстанның имиджін шетелде танытуға үлкен үлес қосқан жандар. 

Дамир Нуркежанов, «100 жаңа тұлға — 2021» жобасының жеңімпазы: — Мен робототехника мектебін аштым. Мектеп ашылғанына екі жыл болды. Осы уақыт аралығында біздің оқушылар 11 рет республикалық олимпиадаларда бірінші орынға ие болды, сонымен қатар біз халықаралық бағдарламалау жөніндегі олимпиадалардың жүлдегерлері болып табыламыз. Қазіргі уақытта бізде 90-нан астам бала білім алады. Сонымен қатар карантин уақытында біз 300-ден астам баланы онлайн тәртіпте видео арқылы тегін оқыттық. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн тәртіпте  жоба финалистерін жеңістерімен құттықтады. «Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз үлкен биіктерге қол жеткізді. Бүгін осы залда отырғандар мына Сіздер – біздің республикамыздың сөзсіз байлығы болып табыласыздар», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

 

Источник:  24.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...