Now Reading
Сарапшы жақын арада жоғалып кететін мамандықты атады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Сарапшы жақын арада жоғалып кететін мамандықты атады

Сарапшы жақын арада жоғалып кететін мамандықты атады

Кез-келген маман нарықта сауатты және бәсекеге қабілетті болғысы келсе, уақыт өте келе өзіне жаңа біліктіліктер қосып отыруы керек, — дейді сарапшы.

Алдағы 10 жылда көлік саласының бірқатар кәсіптері техникалық прогрестің дамуына байланысты жоғалып кетуі мүмкін деген болжам айтылуда.

Бұл туралы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің проректоры Александр Сафонов «Российская газета» басылымына берген сұхбатында айтты.

Экономистің айтуынша мемлекет мұндай сұраныстың қажет екенін түсініп қазірдің өзінде жүйелі түрде рухани және физикалық даму инфрақұрылымын құрумен айналысуда.

Бұл барлық салада тез шешілетін мәселе емес, бірақ бұл уақыт пен ресурстарды қажет етеді.

Ол ұзақ мерзімді демалыссыз және демалыс күндерсіз жұмыс салдары төмен еңбек өнімділігін тудырады. Еңбек өнімділігі артқанда ұйықтамай, демалмай жұмыс істеудің қажетілігі болмайды. Бүгінде еңбек күрделене түсті және адамның қарқынды еңбегінен туындаған қателік құны өте қымбатқа түседі.

Мысалы шаршаған ұстаның таға жасау кезінде балғаны дұрыс ұрмауы бір басқа, ал іштен жану қозғалтқышын орнату кезінде қателік жіберсе, нәтижесінде ол машинада жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан қызметкерлердің денсаулығы сақтау және демалыс беру экономикалық тұрғыдан да тиімді болып табылады. Сапасыз тауарлар немесе қызметтер кімге керек?

Александр Сафонов:

Кез-келген маман нарықта сауатты және бәсекеге қабілетті болғысы келсе, уақыт өте келе өзіне жаңа біліктіліктер қосып отыруы керек, — дейді сарапшы. Оның айтуынша жүргізуші сияқты жаппай мамандықтарға алдағы 10 жылда қатты қауіп төнеді.

Тепловоз, электровоз, трамвай, троллейбус, автобус жүргізушілері де қажет болмауы әбден мүмкін. Осы мамандықтардың орнын электроника басатын болса, бүгіннен бастап ол мамандар қандай кәсіпті игеру туралы ойланулары керек.

 

 

Источник: zakon.kz

+1
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...