Now Reading
Түркістан облысында 50 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Түркістан облысында 50 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында 50 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Мақтаарал ауданында аз қамтылған 50 көпбалалы отбасы қоныстойларын тойлауда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімі Бақыт Асанов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алынған жаңа үйлердің кілттерін ресми түрде табыстады.
«Бұған дейін Мырзакент ауылында кезекте тұрған 16 отбасыға жаңадан салынған ықшам ауданнан жаңа үйлердің кілттері берілген еді. Ал бүгін біз аз қамтылған 50 көпбалалы отбасының қуанышына куә болып отырмыз. Жақын арада біз Мырзакент кентінде көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз. Осылайша біз алдағы жылдарда баспана кезегінде тұрған Мақтаарал тұрғындарының мәселесін шешуге тырысамыз. Жаңа үйлеріңізде тек қуаныш пен той болсын!» — деп құттықтады аудан әкімі.
Жаңа үйлер Қалыбеков ауылдық округінің Төрткүл ауылында, Нұрлыбаев ауылдық округінің Ырысты ауылында, Еңбекші ауылдық округінің Шұғыла ауылында және Бірлік ауылдық округінің К.Пернебаева ауылында орналасқан.
Олардың әрқайсысында кіреберіс, үш жатын бөлме, ас үй және жуынатын бөлме бар. Үйлер жылумен, суық және жылы сумен толық қамтамасыз етілген.
Жақын арада Мырзакент елді мекенін кеңейтуге арналған жаңа ықшам ауданда бес қабатты 14 тұрғын үй, яғни 740 пәтер салу жоспарлануда.

 

 

Источник: Казинформ

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.