Now Reading
Болашақта жоғалып кетуі мүмкін мамандықтар аталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Болашақта жоғалып кетуі мүмкін мамандықтар аталды

Болашақта жоғалып кетуі мүмкін мамандықтар аталды

Болашақта көптеген классикалық мамандықтар үлкен эволюцияға тап болады. Бұл туралы Ресей үкіметі жанындағы Қаржы университетінің проректоры Александр Сафонов «Российская газета» басылымына берген сұхбатында айтқан болатын. 

Атап айтқанда бухгалтер сияқты бұқаралық мамандық қалады, бірақ міндеттері ауысады.

«Бухгалтер деген шығындар мен кірістердің есепшісі ғана емес, ол шығындар құнының кейбір компоненттері бойынша шығыстардың тиімділігін бағалайтын адам. Уақыт өте келе бухгалтер аудитор, салық жөніндегі кеңесші рөлін атқарады. Ешбір компьютерлік банктік бағдарлама бухгалтерді алмастыра алмайтыны сөзсіз», — деді сарапшы.

Сарапшы кез-келген маман егер ол нарықта сауатты және бәсекеге қабілетті болғысы келсе, жаңа біліктілікті игеріп отыруы тиіс дейді.

Сафоновтың айтуынша, алдағы 10 жылда жүргізуші сияқты жаппай мамандықтарға үлкен қауіп төніп тұр.

«Қазірдің өзінде көптеген елдерде автопилоттық жүйелер сынақтан өтіп жатыр. Бұл автомобильдерге арналған «ми жүйесін» дайындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар ұялы байланыспен өзара әрекет ететін жүйемен де байланысты болып табылады. Мысалы, метрополитенді адамның қатысуын талап етпейтіндей етіп толықтай автоматтандыруға болады. Көпшілік тепловоздарды, электровоздарды, трамвайларды, троллейбустарды, автобустарды да толықтай автоматтандыруға әбден болады. Бұл мамандықтардың өкілдері қазірдің өзінде электроника олардың орнын басатын болса, қандай кәсіппен айналысуға болатындығы туралы ойланулары керек. 

Пилоттау технологиясын мысал ретінде алуға болады. Егер бұрын әуе кемесінің экипажы борт механик, штурман және екінші ұшқыш міндетті болуы тиіс бес адамнан тұрса, қазір жүйенің автоматтандырылғаны соншалық ұшу процесін екі адам нүктелерді басып отырып басқарады. Компьютерлік технологиялардың дамуы соншалық, болашақта ұшақты бір адам да басқаратын күнге жетеміз» — деп санайды сарапшы.

Сарапшының айтуынша өмірде бір рет оқып, жұмыс істеп зейнетке шығуға болатын санаулы мамандықтар қалады, олар дәрігер және мұғалім мамандықтары болмақ. 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×