Now Reading
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй кезегі: кімнің мүмкіндігі басым
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй кезегі: кімнің мүмкіндігі басым

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй кезегі: кімнің мүмкіндігі басым

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов тұрғын үй кезегіндегі басымдылық туралы айтты.

«Кезек тізіміндегі тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешу мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша (бұдан әрі заң жобасы), тұрғын үй саясатына өзгерістер енгізілуде. Заң жобасында көзделген түзетулерге сәйкес, «Отбасы Банкі» АҚ азаматтарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысының басты құралына айналады, — деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттың сауалына берген жауабында. 

Оның айтуынша тұрғын үйді бөлу тіркелген күніне және азаматтардың қол жетімділік баспалдағына сәйкес белгілі бір мәртебеге тиесілі болғанына қарамастан жүзеге асырылады. Үкімет қосымша хабарлағандай, қол жетімділік баспалдағы келесі жағдайларды білдіреді: 

— кезек күту тізімінде тұрған отбасының әр мүшесіне 1 күнкөріс минимумын құрайтын табысы бар отбасыларға жалдамалы тұрғын үй беріледі; 

— отбасылық табысы күнкөріс минимумының 3,1 деңгейін құрайтын табысы бар кезекте тұрған отбасыға жылдық 2% -бен жеңілдетілген несиелер беріледі 

— «Бақытты отбасы» бағдарламасы; 

— күнкөріс минимумының 3,7 деңгейін құрайтын табысы бар кезекте тұрған отбасыға «Шаңырақ» бағдарламасы («5-10-20») жылдық 5% -бен қол жетімді болады. 

 «Ол үшін табыстың, мүлік пен активтердің барлығын көрсететін әр өтінім үшін отбасының цифрлық портреті жасалады», — деп қорытындылады Е.Тоғжанов. 

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана беру және кезекті бірыңғай мәліметтер базасында қарау үшін ақысыз қол жетімділікке қатысты депутаттық сауалға жауап берген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: inform.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...