Now Reading
Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау қалай өтеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау қалай өтеді

Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау қалай өтеді

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектеріне дәстүрлі форматтағы соңғы қоңырау өткізуге рұқсат етіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі түрде 9 және 11 сынып түлектері үшін өтеді, олар негізінен ағымдағы оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап офлайн тәртіпте оқыды. Біз 25 мамырға арналған іс-шараларды, соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыруды қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн тәртіпте де өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді министр аппарат отырысында.

Министр мектеп директорларына, білім басқармаларына,  білім бөлімдеріне іс-шараларды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастыруды тапсырды.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова соңғы қоңырауды 300-ге дейін оқушысы бар мектептерде, сондай-ақ бүгін де жұмыс істеп жатқан мектептерде өткізуге болатынын айтты.

«Екі форматта өткізу ұсынылады: сыныпта және онлайн тәртіпте. Қажет болса іс-шараны сынып кабинеттерінде өткізуге болады. Ал қашықтан оқытатын мектептерде соңғы қоңырау онлайн тәртіпте ұйымдастырылатын болады.

Мектеп бітіруші 9 және 11 сыныптар үшін салтанатты кештер өткізіледі. Бұл шараларға әр оқушымен және әр түлекпен бірге қатысатын ата-аналардың саны бір адамнан аспауы керек. Бұл санитарлық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетейік, 2020 жылы қазақстандық мектептердегі соңғы қоңырау ата-аналардың қатысуынсыз ашық аспан астында өткен болатын. 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: tengrinews.kz

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...