Now Reading
Әлеуметтік белгі тағу мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетін шектейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлеуметтік белгі тағу мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетін шектейді

Әлеуметтік белгі тағу мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуетін шектейді

Сенат Басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске сенаторлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов, сондай-ақ осы санаттағы жандардың проблемаларымен айналысатын бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Мәулен Әшімбаев кеңес барысында Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың ақпан айында өткен Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында инклюзивті қоғамдық ортаны қалыптастырудың маңыздылығын атап өткендігін алға тартты. Сенат Төрағасы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсету қоғамның даму деңгейінің маңызды көрсеткіші екенін еске салды. Алайда елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүргізілген кешенді жұмыстарға қарамастан, әлі де шешімін таппаған мәселелер жеткілікті.

«Мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан, мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру мәселелері әлі де өзекті болып отырғанын мойындауымыз қажет. Бұған түрлі  үкіметтік емес ұйымдардың өтініштері дәлел бола алады. Сондықтан бүгінгі кеңеске барлық тараптарды: сенаторлар, мемлекеттік органдар басшылары, мүмкіндіктері шектеулі жандар мүдделерін қорғайтын ұйымдар өкілдерін шақырған едік. Барлық проблемалық мәселелерді бірге талқылап, барлық пікірлерді тыңдап, осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша қажетті қадамдарды белгілеуіміз керек», — деді Сенат Төрағасы.

Осы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң қабылдау болуы керек. Парламент депутаттарының қарауына ұсынылған құжат ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қорғау және қолдау саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің елде 695 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар  тұрады және олардың 60% -ы (419,8 мың) еңбекке қабілетті жастағы жандар. Сенат Төрағасы бұл тұрғыда әлеуметтік белгі тағу адамдардың өмірдің барлық салаларында өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға кедергі болатын негізгі кедергілердің бірі болып қала беретіндігін атап өтті.

«Біз мүгедектігі бар жандарға қатысты стереотиптер, алалаушылықтар мен кемсітушіліктерді минимизациялауды және болашақта толығымен жоюды қамтамасыз ететін заңнамалық шараларды қабылдауымыз керек», — дейді Мәулен Әшімбаев.

Сенат спикерінің айтуынша болашақта ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстар барлық мүдделі тараптарды жұмылдыра отырып жалғасын таба бермек.

Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар заңнаманы жетілдіру және осы бағыттағы жұмысты жақсарту туралы шешім қабылдау кезінде ескерілуі керек,- деп атап өтті Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

 

 

 

 

 

 

Источник: kazpravda.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×