Демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Мұнда тұрғындар қажетті өнімдерді жақын жерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
2021 жылғы 17 сәуірден бері Есіл ауданының аумағында Сауран көшесі 7 мекенжайы бойынша демалыс күндері жәрмеңке өткізілуде. Мұндай жәрмеңке 15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданының аумағында Қосшығұлұлы көшесі 14 мекенжайы бойынша іске қосылмақ. Қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бір қалыпта ұстап тұру, тұрғындарға азық-түлікті барынша жақын жерлерден алуына мүмкіндік жасау және бәсекеге қабілетті ортаны құру мақсатында өткізіледі. Жәрмеңкеге қатысушылар — отандық тауар өндірушілер, елордаға жақын Ақмола және Қарағанды облыстарының аудандарынан келген шаруалар мен шаруа қожалықтары, сондай-ақ қаланың жеке кәсіпкерлері болып табылады.
Источник: Inva.kz