Now Reading
Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталады

Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталады

1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады. Санақ 30 қазанға дейін жалғасады.

Алдағы халық санағының басты жаңалығы заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру болады деп хабарланды. Қазақстандықтар сауалнамаларды онлайн және офлайн форматта, сондай-ақ үйден үйге бару кезінде толтыра алады.

1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы платформасы іске қосылады. 15 қазанға дейін қазақстандықтар осы платформада сауалнамалар толтыра алады. Сондай-ақ Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы платформаға ауысуға болады. Санақ сауалнамасы Aitu мобильді қосымшасында қол жетімді болады. Дәстүрлі санақ 1-30 қазан аралығында онлайн санақты мерзіміне дейін аяқтамағандар арасында өткізіледі.

Санақшылар үздіксіз сауалнамада планшеттерді қолданады. «Бұл санақ жұмыскерлерінің еңбек шығындарының төмендеуіне қол жеткізуге, адам факторының деректер сапасына әсерін барынша азайтуға, ЖСН қолданумен санақ деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ қолайлылықты арттыруға және санаққа қатысушылардың деректерді жинау кезіндегі уақыт үнемдеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар санаққа ілінушінің ЖСН анықтаушы құрал ретінде пайдаланылатын болады. Бұл ақпараттың қайталануына жол бермейді», — деп хабарлады бюро.

Халық санағы кезінде 1446 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, азаматтар 8 8000 800 878 нөміріне қоңырау шалып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. Call-орталыққа қоңырау шалу тегін болады.

Осы ұлттық санақта сұрақтар тізімі едәуір көбейген — сауалнамаға 67 сұрақ және 20 нақтылау ішкі сұрақтары енді. Сұрақтардың көбеюіне еуропалық статистиктердің 2020 жылғы халықты және тұрғын үйлерді санау бойынша ұсыныстары және ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің әдістемелік материалдары негіз болды.

«2021 жылғы санақ көші-қон, жұмыспен қамту, отбасылық жағдай, бала туу және тілді білу мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар денсаулық сақтау статистикасы бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған БҰҰ-ның Вашингтон мүгедектігі бар жандар статистикасы тобы ұсынған жаңа сұрақтарды қамтиды», — делінген бюро хабарламасында.

Алғашқыда халық санағы 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты оны кейінге қалдыруға тура келген.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×