Now Reading
Білімді талап етпейтін мамандықтар: ЖОО дипломынсыз қандай жұмыс істеуге болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Білімді талап етпейтін мамандықтар: ЖОО дипломынсыз қандай жұмыс істеуге болады

Білімді талап етпейтін мамандықтар: ЖОО дипломынсыз қандай жұмыс істеуге болады

Білімді талап етпейтін мамандықтар оқуға уақытын жұмсағысы келмейтін жастарды үнемі қызықтырып келеді. Бұл олардың тек көп еңбекті қажет ететін және аз ақы төленетін жұмысқа ғана сене алатынын білдірмейді.

Сатушы-консультант

Қызмет көрсету саласында сатушы-консультант сияқты тез игерілетін мамандықтар бар. Мұндай жұмысты бастау үшін жұмыс орнында қысқа мерзімді курстардан өту немесе практикалық тұрғыдан дағдыларды игеру жеткілікті. Бұл өте қолайлы жұмыс. Жақсы сатушы — кез-келген компания үшін табыс. Қажетті білім деңгейі бөлшек сауда мекемесінің профиліне байланысты (электроника, косметика, киім және т.б.) болады. Өнімге кеңес беру, тұтынушыларға кеңес беру және шешімдер қабылдауға көмектесу. Консультанттардың қызмет саласы тек бөлшек сауда орындарымен шектелмейді. Олар байланыс орталықтарында, интернет-дүкендерде де сұранысқа ие.

Даяшы

Даяшы — кез-келген дәмхананың, мейрамхананың бет-бейнесі. Қыздар да, жігіттер де даяшылардың міндеттерін тез игере алады. Олар келушілерден тапсырыс қабылдайды, сондықтан қажет болған жағдайда оларға кеңес беру үшін ас мәзірін, тағамдардың құрамын жатқа білуі керек. Дастарханға дұрыс қызмет көрсету және ыдыс-аяқ, сусындармен қызмет ету үшін әдептілік негіздерін білген жөн. Банкеттерге, фуршеттерге қызмет көрсете білген жөн, соның ішінде жұмыс орнынан тыс және басқа да қабылдау орындарында.

Бұл үшін коммуникативті дағдылар мен стресске төзімділік, жақсы дикция, қимылдарды үйлестіру және ептілік қажет. Жұмысшылардың ұқыптылығы және тіпті физикалық төзімділігі ескеріледі.

Бармен

Білімді қажет етпейтін мамандықтардың бірі – бармен. Бұл ашық, адамдармен сөйлесуді ұнататындарға арналған жұмыс. Сонымен бірге маман өзінің және өзгенің эмоциясын басқара білуі керек, кез-келген күйзеліске төзімді болуы керек, өйткені ол шулы ортада, кешке және түнде жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Бармен бір уақытта біраз жұмысты қатарынан орындауы керек. Сатушы және кассир болып жұмыс істеп, коктейльдердің рецептін біліп, оларды дайындап, тиісті тағамдармен қамтамасыз ете білу қажет. Виртуоз болу үшін біраз уақыт қажет, тәжірибелі барменге көмекші болып жұмыс істей бастап, бұл кәсіптің негіздерін игеруге болады.

Әкімші

Қызмет көрсету саласындағы әкімшілер  көбінесе басқарушылық білімі бар адамдар емес, бірақ келесі мекемелерде жұмыс жасау тәжірибесі бар адамдар болуы тиіс:

— мейрамханаларда, дәмханаларда немесе барларда даяшы, бармен ретінде;

-сұлулық салонында, спорт кешенінде немесе қонақ үйде.

Әкімші бағынышты жұмыскерлермен ғана емес, сонымен қатар белгілі бір коммуникативті дағдыларды, сүйкімділікті, ұйымдастырушылық қабілеттерді игеріп, тиімділікті және өзінің эмоциясын бақылауда ұстап, клиенттермен де сөйлесуге мәжбүр болады.

Аспаз

Дәмхана, асхана және басқа да тамақтану орындарының асханасында орта арнайы оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс істей алады. Пісіру саласындағы негізгі білім жеткілікті, ең бастысы — тамақ дайындауды жақсы көру, жұмысқа шығармашылықпен қарау қажет. Мамандықтың ішінде — кондитер, наубайшы мамандары да бар. Тәжірибесі бай, өзін-өзі дәлелдеген мамандар үлкен сұранысқа ие. Жақсы аспаз мейрамханаға бедел жинайды. Оның қолынан тамақтану үшін тұрақты клиенттер мейрамханаларға арнайы барады.

Тігінші

Кейбір қыздар анасы немесе әжесі тігетін отбасында тігін шеберлігін меңгереді. Кейде бұл қызығушылық мамандыққа айналады. Оны қысқа курстардан да үйренугеболады. Тігіншіге келесі дағдылар қажет: тігін машинасы, оверлок, үтік  тәрізді қарапайым құралдар мен жабдықтарды қолдана білу қажет. Матаның әр түрін білу, олармен жұмыс істей білу. Кеңірек ойлау қабілеті, ұқыпты, шыдамды, еңбекқор болған жөн.

Мұндай дағдылармен сіз тігін фабрикасында, киім жөндеу шеберханасында жұмыс жасай аласыз. Тәжірибеңіз болса, ательеден жұмыс тауып немесе жеке тігіншілікпен айналысуға  болады.

Фотограф

Көбінесе фотосуретке деген құштарлық кәсіпке айналады. Техниканы игере отырып, түсірудің әртүрлі техникаларын меңгеруге болады, әртүрлі жанрларда жұмыс істеуге болады (портреттер, пейзаждар, студиялық түсірілім). Фотографқа деген сұраныс алуан түрлі: үйлену тойларын, мерейтойларды және басқа да мерекелерді суретке түсіруге тапсырыс; салондарда жұмыс істеу; Интернеттегі әртүрлі акцияларда фотосуреттерді сатуға болады.

Жұмыс тәжірибесі, портфолиосы бар фотографтар жеке брендтерін жасай отырып, белгілі баспагерлер мен журналдардан тапсырыс алады.

Шаштараз

Сұлулық индустриясында кең таралған мамандық — шаштараз. Курстарды аяқтағаннан кейін осы мамандық бойынша жұмыс істеуге болады. Бұл бағыттағы мамандар әмбебап және белгілі бір бағытта мамандандырылған болады: кешкі, үйлену және басқа шаш үлгілерін жасаумен айналысатын рикмейкерлер-стилисттер; шашты бояумен, сондай-ақ оларды қалпына келтірумен және жақсартумен айналысатын колористер; ерлер немесе әйелдер шаштарын кесу шеберлері.

Мамандық әрдайым сұранысқа ие, бұл мамандықпен ешқашан жұмыссыз қалмауға болады.

Маникюр шебері

Тырнақты сәндеу қызметі осындай масштабқа ие болды, сондықтан көптеген адамдар оны шығармашылық бағыт деп санайды. Минималды дағдылар мен білімдері бар  маникюр шеберлері сұранысқа ие бола бастады, өйткені қазіргі заман әйелдері бұл қызметтерге көптеп  жүгінуде.

Маникюр шебері сәндеу техникасының әр түрлі түрлерін игеруі жеткілікті. Жаңа материалдар мен лактарды жағудың әдістерін қадағалап отыру керек, бұл жерде  шығармашылық та іске асып жатады, бұл клиенттердің жоғары бағасына ие болады.

Визажист

Қыздар көбіне макияжды қолдану әдістерін бала кезінен меңгереді, бірақ кейбіреулер үшін макияж мамандыққа айналуы мүмкін. Ол үшін декоративті макияждың әр түрлі техникаларын меңгеру керек; сыртқы келбеттегі кемшіліктерді шебер жасыруға және келбеттің әсем тұстарын баса көрсетуге үйрену керек.

Визажист әр түрлі косметикалық өнімдермен таныс болуы және оларды шебер қолдануы керек. Кәсіби маман күнделікті макияж, мерекелік, фотосессияға арналған макияж да жасай алуы тиіс. Осы мамандық бойынша биікке жету үшін жоғары бәсекелестікке төтеп беріп, клиенттермен жұмыс кезінде стресстік жағдайларға төзімді болу қажет.

Жүйелік әкімші

Өмірдің барлық салаларын цифрландыру дәуірі келді, жаңа компьютерлік технологиялармен жұмыс жасайтын адамдарға сұраныс артып келеді. Өнеркәсіптің соншалықты қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, білім беру жүйесі әрдайым оған ілесе бермейді. Бірақ өз бетінше даму үстінде.

Білімсіз жұмысқа қайда баруға болады? Мысалы, жүйелік әкімші қызметі. Өзімен-өзі оқып, ізденіп жүретін талантты адамдар көптеген мекемелер мен компанияларда жоғары ақылы жұмыс табады. Көптеген адамдар бағдарламалау тілдерін өздігінен үйренеді. Ең бастысы — үнемі білім алу, өйткені бұл саладағы білім тез ескіреді.

Компьютерлік ойындарды тестілеуші

Бұл тез дамып келе жатқан сала, оны киноиндустриямен салыстыруға болады. Бұл жұмыста ойын тәжірибесі көп көмектеседі. Ойынды тексерушінің міндеті — қателерді табу, ойын барысында туындайтын проблемалар мен ақауды анықтау. Бұл дегеніміз пайдаланушылар бұдан былай тап болмас үшін ойынның әлсіз жерлерін табу деген сөз.

Мұндай жұмыста не қажет: ағылшын тілін білу; әр түрлі құрылғылармен және гаджеттермен жұмыс жасау мүмкіндігі; бөлшектерге назар аудару, шыдамдылық; табандылық пен шығармашылық.

Тізбеленген мамандықтар уақытша жұмыс деп те, өмірлік кәсіп болып та саналуы мүмкін. Ең бастысы олар тез және минималды дайындықпен өмір сүруге қажетті қаражатты қамтамасыз ете алады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×