Now Reading
«Нұр-Сұлтан» құрамасы екінші орынды жеңіп алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Нұр-Сұлтан» құрамасы екінші орынды жеңіп алды

«Нұр-Сұлтан» құрамасы екінші орынды жеңіп алды

Елордада қаланың ашық чемпионаты және 2005 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар мен ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Турнирлерге еліміздің 13 аймағынан 240 спортшы қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Жарыс 18-21 мамыр аралығында өтті, ұйымдастырушы қалалық әкімдіктің қолдауымен Дене шынықтыру және спорт басқармасы болды.

Турнирдің төрт күнінің қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы жалпы командалық есепте 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль жеңіп алып, екінші орынды иеленді.

Бірінші командалық орын чемпионаттың 14 алтын, 15 күміс, 15 қола медалін жеңіп алған Алматы қаласының спортшыларына бұйырды. Үздік үштікке Қарағанды облысының жүзушілері 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен енді.

Жарысқа келген спортшылар біріншіліктің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің екі спортшы «Үздік спортшы» номинациясына, ал мен «Үздік жаттықтырушы» номинациясына ие болдым. Біз Нұр-Сұлтан қаласының спорт бөліміне Алматы қаласының командасы атынан зор алғысымызды білдіреміз. Мен мұндай ұйымшылдықты Қазақстанда ешқашан көрген емеспін», — деді Алматы құрамасының жаттықтырушысы Павел Шленский.

«Жарыс күндері спортшыларға барлық жағдай жасалды. Күтіп алу, қонақ үйге орналастыру, тамақтану — бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бассейн де бізге ұнады», — деді Павлодар облысының жаттықтырушысы Кирилл Жамолиддинов.

Жарыстар жанкүйерлердің қатысуынсыз елдегі карантиндік режим талаптарына және санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді. 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...