Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Керуен» сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері Тұңғыш Президент саябағында ағаш отырғызу арқылы астананы көгалдандыруға үлес қосты.
Мамыр айында елорданың белсенді тұрғындары азаматтарды бүкіл қала бойынша — барлық мүмкін жерлерде ағаш отырғызуға шабыттандыру үшін «Өз ағашыңды отырғыз» бастамасын іске қосты. Бастаманы еңбек ұжымдары, қала кәсіпкерлері қолдады.
Челлендж аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығының «Build System
ЖШС қызметкерлері Тұңғыш Президент саябағында ағаш отырғызды.
«Family Village» және «Family Town» коттедж қалашықтарының тұрғындары «Бірге — Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында өткізілген «Өз ағашыңды отырғыз» эко-челленджіне қатысты.
Қала тұрғындары үйлерінің жанына 100-ге жуық терек отырғызды. Қала тұрғындарымен бірге Есіл ауданының әкімі Берік Джакенов ағаш отырғызуға қатысты.
«Біз осы игі іске өз үлесімізді қосу үшін әкімдік қаламызды көгалдандыруға қатысуға барлық жағдайды жасағанына өте қуаныштымыз. Біз осы іске қуана ат салыстық», — дейді елорда тұрғыны Гүлбарам Алпысова.
1 га жапырақты ағаштар жылына 100 тоннаға дейін шаң тазартатынын атап өткен жөн. Өсімдіктер шаңды ұстап, ауаны зиянды заттардан тазартады. Жылына 1 ағаш ауаны 27 килограмм ластанудан тазарта алады.