Петропавл қаласында әлеуметтік қызметкер бұрын өз қамқорлығында болған зейнеткердің пәтерін қайтарып берді.
Зейнеткер Людмила Носиктің қарттар үйіне түсіп, пәтерін әлеуметтік қызметкерге сыйлағаны туралы әңгіме бүкіл қаланы дүр сілкіндірді. Телеарнада сюжет шыққаннан кейін бір аптадан соң алаяқтық бойынша күдікті азамат тұрғын үйді зейнеткерге өз еркімен қайтаруға шешім қабылдады. Алайда зейнеткердің жинақ ақшасын қайтару туралы мәселе шешілмей қалды.
Зейнеткердің туыстары атап өткендей, пәтерді сыйға тарту шартын бұзу барысында әлеуметтік қызметкер тіпті кешірім де сұрамаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасуда.
Наталья Середа, зейнеткер немересі:
— Әжем жақын арада ол пәтерге көшпейді. Біз әжемізді алып кетеміз. Ол пәтер өмір сүруге жарамсыз, қазір ол пәтерді тазалау керек. Сондықтан жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ әжеміз енді ол пәтерде тұрмайды. Күдікті пәтерімізді қайтарып берді. Келісімшартты бұзу құнын да біздің тарап төледі.