Now Reading
Қазақстан Республикасының заңнамасынан «Мүгедек» термині алынып тасталады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасының заңнамасынан «Мүгедек» термині алынып тасталады

Қазақстан Республикасының заңнамасынан «Мүгедек» термині алынып тасталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасына тұжырымдама әзірледі», деп хабарлайды.

Аталған құжатта мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты заңнамадағы кемсітушілік жағдайларды жою үшін әзірленген. «2015 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау және Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қол қою арқылы Қазақстан Республикасы экономикалық, азаматтық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын толық іске асыру үшін халықаралық стандарттарды енгізу бойынша міндеттемелер қабылдады», — делінген құжатта.

БҰҰ-ның ұсынысы бойынша Конвенцияны ратификациялаған бірқатар елдер өздерінің заңнамаларындағы «мүгедектер» терминін «мүмкіндігі шектеулі жандар» деп өзгертті.

«Сонымен бірге «мүгедек» ұғымы тәуелсіз заң жобасын әзірлеуді қажет ететін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында қолданылады, деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Сонымен қатар Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер кез-келген адамға мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілік адамның жеке қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп мойындай отырып, қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу үшін тиісті шараларды, соның ішінде заңнаманы қабылдауы керек. Қазақстан Конституциясына сәйкес, ешкім де қандай-да бір кемсітушілікке ілінбеуі тиіс.

«Мүгедек» сөзі ағылшын тілінен енген, бірақ қазіргі кезде ағылшынның invalid (әлсіз, аурушаң) сөзі ерекше қажеттіліктері бар адамды белгілеу үшін қолданылмайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясында «Persons with disabilities» термині қолданылады, ол сөзбе-сөз «мүгедектігі бар жандар» деп аударылады, бірақ сол конвенцияның орыс тіліндегі аудармасында «мүгедектер» термині қолданылады.

Әлемдік стандарт ретінде «адамдар-бірінші тіл» ережесі қабылданды — олар бір адам туралы сөйлескенде, алдымен оны адам деп атайды, содан кейін ғана оның ауруы немесе ерекшелігі туралы айтылады. Ағылшын тілінде «кекеш» деудің орнына «кекеші бар адам» деп айту әдетке айналған. Осылайша адамның ауруы оның жеке басын анықтамайтындығы баса айтылады.

Сонымен қатар кодекстерді, заңдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және бұйрықтарын түгендеу кезінде мүгедектік белгілері бойынша кемсітуге әкеп соқтыратын терминологияны қолданылатыны анықталды. Бұл «мүгедек балалар», «мүмкіндігі шектеулі балалар», «кемшілік», «ақау», «ақыл-ойдың артта қалуы», «түзету», «дамымай қалу», «өмірлік белсенділіктің шектеулігі», «қалыпты дамудан ауытқу», «ақыл-ойының бұзылуы», «кеміс», «ақыл-ойының әлсіздігі».

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша сарапшылар мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты ұлттық заңнамада қолданылатын терминологияны өзгертуді ұсынды.

Осылайша қолданыстағы дискриминациялық терминологияны қолданатын бірқатар заңнамалық актілерге «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар жан», «мүгедек бала» терминін «мүгедектігі бар бала» деп өзгерту тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл ереже 695 мың мүгедектігі бар жандардың  құқығын қорғауға бағытталған және қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Құжат 8 маусымға дейін ашық талқылау үшін Open RLA веб-сайтына орналастырылған.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×