Now Reading
Жоғары білімсіз жақсы табыс табуға болатын 5 мамандық
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жоғары білімсіз жақсы табыс табуға болатын 5 мамандық

Жоғары білімсіз жақсы табыс табуға болатын 5 мамандық

Жақсы ақша табу үшін жоғары білім болуы керек деген қағида қалыптасып қалғаны белгілі. Алайда бұл әрдайым шындыққа жанаса бермейді.

Бүгінгі күні қаржылық жетістікке жоғары білімі жоқ көптеген адамдар қол жеткізуде. Оларға атап айтқанда, Virgin Group корпорациясының негізін қалаушы, 5,1 миллиард долларлық байлықтың иесі Ричард Брэнсон, әлемге әйгілі американдық кәсіпкер Генри Форд, адамзат тарихындағы алғашқы доллар миллиардері Джон Рокфеллер, Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобсты атауға болады. Колледж дәрежесіндегі білімі бар адамдар да жоғары білімнің көп мағынасы жоқ екенін жиі мойындайды. Мәселен, табысы 97 миллиард доллардан асатын Уоррен Баффет сіз ала алатын ең жақсы білім — бұл өзіңізге инвестиция салу дейді. Бірақ бұл колледж немесе университет емес.

Қазіргі әлемде жоғары білім дипломынсыз-ақ қаржылық жетістікке оңай жетуге болады. Жоғары білімді қажет етпейтін, бірақ қаржылық табысқа жетелейтін бірнеше мамандықтың түрлеріне шолу жасап көрелік.

Бейнеблогер

Енді ғана пайда болғандығына қарамастан танымал бола бастаған видеоблогер кәсібі көп табыс әкелуі мүмкін. Миллион аудиториясы бар блогер болу үшін институтта оқып, жоғары білім туралы дипломның қажеті жоқ. Бірақ атауының қарапайымдылығына қарамастан, бұл жұмыс, шын мәнінде, көп күш, уақыт және белгілі бір дәрежедегі «инстинктті» талап етеді. Сізге аудиторияның қажеттіліктерін түсініп, оқырмандар мен көрермендерді қызықтыратын танымал (және әрқашан өзекті) мазмұнды контент құру қажет. Сонымен қатар жарнама, дамыту және басқа да осыған ұқсас қызметтердің шығындарын да есепке алу қажет.

Жұмыс үшін арнайы техника қажет болады, ол техниканың бағасы арзан емес екенін де ескеру қажет.

Риэлтор

Риэлтордың жұмысы өте жоғары табысты болуы мүмкін. Барлығы сіздің қаншалықты жақсы жұмыс істегеніңізге және қаншалықты сәтті шарттар жасаса  алғаныңызға байланысты. Сонымен қатар бұл университетте оқып алуға болатын арнайы дағдыларды қажет етпейді. Риэлтор ретінде жұмыс істей бастау үшін сізге қысқа мерзімді оқудан өту қажет болады, өйткені сіз жылжымайтын мүлік нарығының қыр-сырын түсініп, кейбір заңды мәселелерді білуіңіз қажет.

Бірақ көп нәрсе сіздің жеке қасиеттеріңізге байланысты болады: күйзеліске қарсы тұру, көпшіл болу, қайшылықтарға төтеп беру қабілеті. Шарттар жасау үшін риэлторда жақсы психологтың қасиеттері болуы керек.

Сонымен қатар пайда өте тұрақсыз болуы мүмкін — бәрі сіздің белсенділігіңізге және сіз жасай алатын шарттар санына байланысты.

Сұлулық шебері

Егер сіз сұлулық саласында жұмыс істегіңіз келсе — маникюр шебері, кірпік жасау  маманы, тұрақты макияж маманы болғыңыз келсе, сізге жоғары білім туралы дипломыңыз қажет емес. Бұл мамандықтар үшін қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту жеткілікті.

Бұл бизнестегі сәттілік негізінен сіздің жеке қасиеттеріңізге, жұмыс қарқындылығына және сіз қанша клиентті тарта алатындығыңызға байланысты болады.

Фотограф

Жоғары білімді қажет етпейтін тағы бір қызмет түрі фотограф. Бірақ бұл кәсіптегі бәсекелестік өте жоғары екенін есте ұстаған жөн.

Сонымен қатар сізге кәсіби қымбат фотографиялық жабдықтар сатып алу қажет болады. Сондай-ақ фотостудия шығындары және басқа да бірқатар шығындар болатынын ескеру керек. Фотосуреттерді жоғары сапада өңдеу үшін сізге фотосуреттерді өңдеу бағдарламаларын жетік меңгеру керек.

Бірақ ең бастысы — өз ісіңді жақсы көру және жұмысқа көп уақыт пен күш жұмсауға дайын болу, сонымен қатар біліктілігіңді үнемі жетілдіру қажет.

Трейдер

Жоғары білімсіз үлкен табыс табу үшін сіз қаржы нарығында сауда жасай аласыз. Қаржы нарығында ақша табу үшін сізге жоғары білім қажет емес. Қысқа мерзімді курстардан өту арқылы мәміле жасау негіздерін үйрену жеткілікті. Мұндай курстарды, мысалы, Халықаралық инвестициялар және сауда академиясында, Forex серіктесінің ресми серіктесінде алуға болады. Академияның 20 жылдан астам тарихы бар және қаржы нарығында сәтті сауда жасау үшін практикалық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Өз капиталыңызды тиімді басқару үшін қаржы нарықтарында табысты сауда жасауға мүмкіндік беретін сауда алаңын таңдау өте маңызды.

Осындай платформалардың бірі — Forex Club-тан Libertex. Бұл жүйеде 250-ден астам ең пайдалы қаржы құралдары — валюта мен криптовалюта, белгілі әлемдік компаниялардың акциялары және қор индекстері, энергетика, ауылшаруашылық өнімдері және басқа активтер бар. Платформа веб-қосымша ретінде, сондай-ақ iOS және Android операциялық жүйелеріне арналған қосымшалар ретінде қол жетімді, яғни сіз қаржы нарығында кез-келген жерде Интернет арқылы және кез келген құрылғы арқылы ойдағыдай сауда жасай аласыз.

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×