Тұрғын үй орталығы «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:
1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлер;
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
5) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
6) жасына байланысты зейнеткерлер;
7) жетім балалар;
8) қандас;
9) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; 11) толық емес отбасылар.
Пәтерлердің жалпы саны 100,
оның ішінде 30 пәтер «Жетім-балалар» санатына ғана арналған:
12 бiр бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш. м.); 18 екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш. м.);
Калған 70-і «Әлеуметтік жағынан осал топтар» санатына арналған:
28 бiр бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш. м.); 42 екi бөлмелі пәтер (44,7-50 ш. м.);
Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Орналасқан жері: «Пригородный» тұрғын алабындағы ЖТҮ, Сарытоғай көшесі;
Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін;
Қабылдау күні: 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығы;
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;
Шарттары: <<Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары>> санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.
Іріктеу <<Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою кунi мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.
Өтініш беру үшін Сізге:
1) ЭЦҚ кілті;
2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын
мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы; 6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.
Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.
Жауап-сұрақ:
1)Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі? — Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір.
2)Мен қанша бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай аламын ба? — Жоқ, бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады.
3)Мен тұрғын үй мекенжайын таңдай аламын ба? — Жоқ, пәтерлер отбасы құрамына байланысты квадратураға бөлінеді.
4)Мен белгілі бір қабатты таңдай аламын ба? -Жоқ, бірақ тірек-қимыл аппаратпы бұзылған мүгедектерге пәтер екінші қабаттан жоғары берілмейді.
Источник: zhilfond_nursultan