Now Reading
Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

Елордада «Сүндет-2021» акциясы өтіп жатыр

Елордалық емханаларда «Сүндет-2021» акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүгедектігі бар балаларын сүндетке отырғызу рәсімі тегін жасалды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайтында.

Сондай-ақ созылмалы ауруға шалдыққан және толық емес отбасылардың ұл балалары ерекше назарға алынды. Сүндеттеуді уролог және өз ісінің шебері, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және №2 көп салалы қалалық балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жасады.

Тимур Мұратов балалардың жағдайын тексеріп, біраз әңгімелесті.

«Бұл біздің екінші ұлымыз, 3 жаста. 10 күн бұрын баламызға дәстүр туралы көп айта бастадық, моральды тұрғыдан барынша дайындағанбыз, осы күннен кейін нағыз жігіт болады деп сендірдік. Ұйымдастырушылар мен емхана басшылығына алғыс білдіреміз. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара, барлығы қарастырылған», — деді сүндетке отыратын баланың анасы Ляззат Айтуғанова.

Жыл сайын өтетін акцияның мақсаты — көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Акция аясында бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады. Сүндеттеуді қалалық №9 емханада хирургтар мен урологтар өткізді. Бұл жерде 2-5 ота жасау кабинеттері ұйымдастырылған.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...