Now Reading
Қазақстанда қанша жетім бала бар
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда қанша жетім бала бар

Қазақстанда қанша жетім бала бар

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина еліміздегі жетім балаларға қатысты жағдай туралы айтты.

«Бүгінде республикада 23 мыңға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың тек төрт мыңы балалар үйінде тұрады. Жылдан жылға балалардың саны азаюда. Тек соңғы 10 жылда жетім балаларға арналған ұйымдар саны 114 бірлікке азайды», — деді Юлия Овечкина ОКҚ брифингінде.

Ю.Овечкина жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың контингенті де азаюда.

«Біздің елде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 96 ұйым бар. Ал осы ұйымдар тәрбиеленушілерінің контингенті, жалпы алғанда елде соңғы 10 жылда жетім балалар саны 10 мыңға азайды. Соңғы үш жылда контингент екі мыңға азайды», — деп қорытындылады спикер.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев бала құқығын қамтамасыз ету бойынша еліміздің заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтты.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...