Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің бөлім бастығы Ғани Шымырбаев азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін анықтау үшін қажет қарапайым әрекеттер туралы айтып берді.
«Осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүрген барлық тұлғалар тұрғылықты жері бойынша өтініш беруі керек. Олар өздерімен бірге, мысалы туу туралы куәлік немесе білім туралы куәлік, тіркеу туралы куәлік, әскери билет болса да кез келген құжат болуы керек», — деді Ғани Шымырбаев Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша ұсынылған құжат бойынша қызметкерлер тұлғаның мәртебесін белгілеп, азаматтығын анықтаумен айналысады. «Егер олар шынымен басқа мемлекетте туылған немесе өмір сүрген болса, біз елшілікке өтінім жолдаймыз. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен бірлескен акция өтуде. ҮЕҰ көмегі азаматтардың көпшілігінің консулдық алым төлеуге мүмкіндіктері жоқ болғандықтан өте қажет», — деп атап өтті спикер.
«Біз азаматтығы жоқ адамның мәртебесін растаған жағдайда, азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдейміз. Бүгінде оның бағасы шамамен 23 мың теңгені құрайды, осыған байланысты көп тұлғалардың алым төлеуге мүмкіндігі жоқ», — деп түйіндеді сөзін Ғ.Шымырбаев.