Now Reading
Әлемдегі ең қымбат дәрі. Ақсайлық Эмир укол алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлемдегі ең қымбат дәрі. Ақсайлық Эмир укол алды

Әлемдегі ең қымбат дәрі. Ақсайлық Эмир укол алды

Жұлынның бұлшық еттерінің атрофиясы диагнозымен Эмирге миллиард теңгенің сиқырлы инъекциясы жасалды. Бұл туралы Эмирдің ата-анасы Сабина Давлеткалиева мен Талех Шахмаров әлеуметтік желілерде хабарлады.

Ақпан айында БАҚ-та батыстағы Ақсай қаласындағы Шахмаровтар отбасы туралы айтылған болатын. Кішкентай сәбиге жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған. Ауруды тоқтату үшін екі жасқа толғанға дейін «Золгенсма» инъекциясын алу керек деп хабарланды. Бұл дәрі бір миллиард теңгені құрайды. Наурыз айының соңында дәріге жинақ жабылып, қажетті сома қамқор адамдардың көмегімен жиналған болатын.

«Күту ұзақ әрі қиын болды, бірақ біз ештеңеге қарамастан күттік және Эмир Қазақстанда бірінші болып Золгенсмамен гендік терапия алды. Бізге үнемі көмектескен және қолдаған барлық жандарға алғыс айтамыз. Бізге сыйлаған мүмкіндік үшін үлкен рақмет. Біздің қазір бастан кешіп жатқан сезімімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Бірақ біз бұл күнге шексіз қуаныштымыз. Біз барлық балалардың көптен күткен ем-домдарын алуларына тілектеспіз», — деп жазды олар.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...