Now Reading
Алматы қаласында кейбір ғимараттар бір ай бойы ыстық сусыз қалады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы қаласында кейбір ғимараттар бір ай бойы ыстық сусыз қалады

Алматы қаласында кейбір ғимараттар бір ай бойы ыстық сусыз қалады

Алматының Түрксіб ауданындағы кейбір ғимараттар ыстық судан ажыратылады.

Алматы қаласының аталмыш ауданының тұтынушылары үшін ыстық су бір ай мерзімге тоқтатылады.

«2021 жылғы 14 маусымнан 12 шілдеге дейін Түрксіб ауданының Ахметов — Закарпатская — Калмаржын — Огарева көшелерінің шегіндегі аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді», — деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Әуежайдың қазандығына жөндеу жұмыстарын жүргізуге орай осындай шектеулер енгізіліп отыр. Мекеме басшылығы қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуды өтінді.

0
Tags :
No More Posts