Білім министрінің айтуынша вакцинациялаудың пайызы және белгілі бір аймақтағы эпидемиологиялық жағдай мектеп оқушыларының «қашықтықтан» мектеп қабырғасына қайтуына негізгі шарт болып табылады.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстандағы оқушылар дәстүрлі форматта оқу үшін мектептерге оралуы мүмкін, деп мәлімдеді Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов.
«Біз жаңа оқу жылында мектептерді ашамыз деп сенеміз және біздің балаларымыз дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндік алады. Бірақ, әрине, бұл үшін ең маңызды шарттарды орындау қажет — бұл қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», — деді Аймағамбетов брифинг барысында.
Осы талаптардың ішінде министр вакцинацияның деңгейі мен аймақтың жасыл аймақта болуы мектептердің ашылуының басты талаптары деп атап өтті.
«Қазір жалпы вакцинацияның жылдамдығы, аурудың төмендеу қарқыны келесі жылдың басына үлкен үмітпен қарауға мүмкіндік беретінін көріп отырмыз», — деп түйіндеді министр.